Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Севан Рабдан, Севан Рабдан, Цеван Рабтан, Цеван Рабдан, Цон Араптан, Шаған Рабдан (1663 – 1727 жылдары өмір сүрген) – жоңғар ханы (1697 - 1727), мемлекет қайрат

Севан Рабдан

  • Басты бет
  • Севан Рабдан

Севан Рабдан, Севан Рабдан, Цеван Рабтан, Цеван Рабдан, Цон Араптан, Шаған Рабдан (1663 – 1727 жылдары өмір сүрген) – жоңғар ханы (1697 - 1727), мемлекет қайраткері, мәмлігер және қолбасшы. Жиырма жыл бойы Маньчжур әулетінің билеушілерімен, Циндік Қытаймен қақтығысқа жол бермей Жоңғар хандығын тез арада нығайтып алып, өзінің күш-жігерін қазақ қоныстарын, Тянь-Шань қырғыздарының жерін, Шығыс Түркістанды, Саян-Алтай және Барабы даласын қоныстанған халықтарды жаулап алуға бағыттады.

Жоңғарлар қазақтарға үсті-үстіне шапқыншылық жасап, адамдары мен малдарын айдап әкетті, жайылымдары мен мүліктерін тартып алып, кейде тұтас рулар мен ауылдарды қырып-жойды. Үздіксіз жасалған сыртқы шабуылдар мен ішкі алауыздықтан бытырап, әлсіреген қазақ халқы бұл кезеңде асқан зор қайғы-қасіретті бастан кешірді. Сыбан Раптан Шығыс Түркістанды бағындырып, Тибетке басып кіреді.

1716 жылы Сыбан Раптан әскерінің негізгі бөлігін қазақтарға қарсы аттандырады. 1718 жылы көктемде жоңғарлар Түркістанға тақап келген еді.

1722 жылы Қытай императоры Канси қайтыс болып, 1723 жылы жоңғар-қытай бітімі жасалды. Соғысқа мықтап дайындалып алған Сыбан Раптан 1723 жылы көктемде қазақ жеріне жеті тұстан басып кіреді. Бұл шабуыл қазақ халқына ауыр қасірет әкеліп, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп аталып кетті. Сайрам, Түркістан, Ташкент қалаларын басып алды. 1726 жылы барлық қазақ руларын басқыншыларға қарсы біріктіру қолға алынып (Ордабасы кеңесі), үш жүздің қолы жоңғар әскеріне соққы бере бастайды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 22, 2026

    Қарым-қатынас

  • Сәуір 05, 2026

    Саяси жүйе

  • Сәуір 03, 2026

    Тіл (лингвистика)

  • Сәуір 08, 2026

    Әл-Аср сүресі

  • Сәуір 06, 2026

    Денисов ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары