Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Серб тілі (Sérbian language) — үндіеуропалық тілдер отбасының славян тобының оңтүстік славян кішкі тобына кіреді, тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады.

Серб тілі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Серб тілі
Өз атауы:

Sérbian language

Елдер:

Сербия, Черногория

Сөйлеушілер саны:

12 млн.

Классификация

Үнді-Еуропа тілдері

славян тобы
Жазуы:

кириллица

Тіл коды
ISO 639-1:

СРП

ISO 639-2:

srp, srp және scc

ISO 639-3:

srp

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Серб тілі (Sérbian language) — үндіеуропалық тілдер отбасының славян тобының оңтүстік славян кішкі тобына кіреді, тілдердің қопарылма (флективті) түріне жатады. Сербияның (Воеводина, Косово, Метохия провинциялары) және Черногорияның ресми тілі; Босния және Герцеговина Республикасының ресми тілі (босния және хорват тілдерімен бірге) (Конституция 1995).

Референтті халық

Референтті халық: сербтер; өз атауы – сербтер, србтер.

Географиялық таралуы

Сербияның негізгі халқы, сонымен қатар Хорватияда (Хрватска), Черногорияда (Црна Гора) тұрады. Сербтер ұзақ уақыт өмір сүрген басқа елдерде де бөлек аймақтар бар: Македонияда (Куманово, Скопье), Словенияда (Бела Крайна), Румынияда (Банат), Мажарстандада (Печ, Сентендре, Сегед). Тұрақты серб диаспоралары көптеген елдерде бар: Германия, Аустрия, Швейцария, Франция, Ресей, Бразилия, Канада, АҚШ және Аустралияда.

Диалектісі

Серб әдеби тілі стокава диалектісіне негізделген.

Жазуы

Серб тілінде екі алфавит қолданылады: Вук Караджич жасаған кириллица әліпбиі, Людевит Гадж жасаған латын әліпбиі.

Кириллица графикасына негізделген қазіргі жазу:
Аа Бб Вв Гг Дд Ђђ Ее Жж Зз Ии Jj Кк Лл Љљ Мм Нн Њњ Оо Пп Рр Сс Тт Ћћ Уу Фф Хх Цц Чч Џџ Шш

Жоғары