Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Серілік роман (орыс. рыцарлық роман), (фр. roman chevaleresque), (нем. Riterroman), (ағылш. romance of chivalry), (ис. romance), (итал. romanzo cavallereso) — а

Серілік роман

  • Басты бет
  • Серілік роман

Серілік роман (орыс. рыцарлық роман), (фр. roman chevaleresque), (нем. Riterroman), (ағылш. romance of chivalry), (ис. romance), (итал. romanzo cavallereso) — ақсүйек, асыл тек қауымның бекзадалық қасиеттерін, өмір салтын дәріптеп, ерлікті, адалдықты, көзсіз махаббатты мұрат тұтатын куртуаздық әдебиеттің негізгі жанрларының бірі.

Сипаты

Әуел баста Францияда, серілер дәуірлеп тұрған 12 ғасырда, көне, Айса заманына дейінгі мифология, батырлық эпос аясында дүниеге келген серілік роман сол кезеңдегі Еуропа әдебиетін өлшеусіз байытты, өзімен бірге тың тақырып, соны идеялар, жаңа көркемдік тәсілдер ала келді. Психологиялық мінездеу мен табиғатты нәзік суреттеу нышандары, оқиға тартымдылығына, кейіпкердің жеке басының қадір-қасиетіне ерекше ден қою - осының бәрі Еуропа әдебиетіне серілік роман сыйлаған аса мәнді көркемдік жаңалықтар болатын. Ғашықтық жолына бас тігіп, неше түрлі шырғалаңға түсетін мәрт серілер туралы қызықты шығармалардан Шығысқа жасалған үш бірдей крест жорығының нәтижесінде Еуропада там-тұмдап жете бастаған Шығыс мәдениеті мен әдебиетінің де игі ықпалы байқалады. Серілік романның ең танымал үлгілері - Король Артур, "Дөңгелек стол" серілері, Тристан мен Изольда туралы романдар. Серілік романмен қатар серілік новеллалар, серілік повестер де болған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 23, 2026

    Жалқы есім

  • Сәуір 03, 2026

    Іле ауданы

  • Сәуір 07, 2026

    Сәлкен Сұбханбердин

  • Наурыз 12, 2026

    Металдар

  • Сәуір 03, 2026

    Ақсары (ру)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары