Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сэнгоку дәуірі, сондай-ақ Сэнгоку джидай (戦国時代, Sengoku Jidai?, Үлгі:Lit) XV–XVI ғасырдағы жапон тарихындағы азаматтық соғыстар мен әлеуметтік өзгерістер үздік

Сэнгоку дәуірі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(қаңтар 2025)

Сэнгоку дәуірі, сондай-ақ Сэнгоку джидай (戦国時代 Sengoku Jidai?, Үлгі:Lit) XV–XVI ғасырдағы жапон тарихындағы азаматтық соғыстар мен әлеуметтік өзгерістер үздік жүріп тұрған кезең. Кезеңнің басталуы Киотоко оқиғасы (1454), Онин соғысы (1467) немесе Мэйо оқиғасының (1493) бірімен байланысты деп қабылданған. Дегенмен де басқа да балама оқиғалардың кезеңнің басталуына әсері болған деп айтылады. Олардың қатарында 1568 жылғы Ода Нобунаганың Киотоға жорығы, 1573 жылы Ашикага сегунатының құлауы, Тойотоми Хидейошидің Жапонияны 1590 жылы біріктіруі, 1600 жылғы Секигахара шайқасы, 1638 жылғы Шимабара көтерілісінің жанышталуы немесе Эдо кезеңінің басталуы бар. Кезеңнің басталуы уақытының түрлі болуына қарамастан, Сэнгоку кезеңі кейінгі Муромачи кезеңі (1336-1573) ішінде болған. Кең ауқымда Сэнкогу дәуірі Азучи-Момояма кезеңіне кіреді.

Бұл кезеңнің ерекшелігі ретінде әлсіздердің өз басшыларын құлатып, өздері билікке жету үрдісімен ерекшеленеді. Онин соғысы Киотоның көп бөлігін қаңыратып кетіп, Ашикага сегунатының құлдырауына алып келді. Ашикага сегундары 1573 жылға дейін басшылық еткенімен, олардың билігі өңірлерді басқаруда едәуір шектелді.Ашикага сегунаты әлсіреп, де-факто орталық үкімет болғанымен, сэнгоку даймиолар жергілікті билік пен саяси ықпалды тартып алды.

Заманауи Жапонияда орталық билікті қалпына келтіргені үшін Ода Набунага, Тойотоми Хидейоши мен Токугава Иеясу тұлғаларын "Ұлы біріктірушілер" деп атайды.

Жоғары