( бетінен бағытталды)
| Сүмбіл | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() шығыс сүмбілі | ||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
| түрлері | ||||||||||||||||
| 3 түрі белгілі |
- Сүмбіл (лат. Hyacinthus) – қасқыржемдер тұқымдасына жататын әдемі өсімдіктерінің бір туысы.
Мұның жабайы түрлері Үндістанда, Сирияда, Кіші Азияда, Месопотамияда өседі. Сүмбілдің воронка тәрізді, хошиісті гүлінен кейде эфир майы алынады. Сүмбіл желтоқсан-қаңтар айларында гүлдейді. Мұның бағбандар өсіріп шығарған бірнеше сорттары бар, олар: шығыс сүмбіл, көрмелік сүмбіл, нәзік сүмбіл.
- Сүмбіл (Adіanthum) – қырыққұлақтәрізділер тұқымдасына жататын көп жылдық споралы шөптесін өсімдік. Қазақстанда Жетісу (Жоңғар) және Іле Алатауларындағы, Батыс Тянь-Шаньдағы тасты жерлерде, өзен, бұлақтар жағалауларында, сарқырама астында өсетін 1 түрі – шолпаншаш сүмбіл (А. capіllus venerіs) бар. Оның биіктігі 10 – 30 см. Қара түсті қабыршақпен қапталған тамыр сабағы төселмелі. Жапырақтары (вайя) жұқа, екі не үш-үштен бірігіп, қауырсын тәрізді тілімделген. Жапырақ сағағы жіңішке, қара қоңыр, жылтырап тұрады. Спора арқылы немесе тамырының кесіндісімен көбейеді, үш жолақты спорасы шілде – тамыз айларында жетіледі. Шолпаншаш сүмбілді әсемдік өсімдік ретінде гүлзарларда өсіреді және дәрілік қасиеті бар, сондықтан медицинада тыныс жолдарын емдеуге пайдаланылады. Сүмбіл Ақсу – Жабағылы қорығында қорғауға алынған. Сирек кездесетін өсімдік ретінде Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Санат:
- Қасқыржемдер
