Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сәмеке хан (1660 жыл — 1734 жыл) — Орта жүз ханы (1719–1734). Тәуке ханның баласы. Ақтабан шұбырынды оқиғасынан кейінгі жылдары Орта жүзді биледі. Ордасы Түркіс

Сәмеке хан

  • Басты бет
  • Сәмеке хан

Сәмеке хан (1660 жыл — 1734 жыл) — Орта жүз ханы (1719–1734). Тәуке ханның баласы. Ақтабан шұбырынды оқиғасынан кейінгі жылдары Орта жүзді биледі. Ордасы Түркістан қаласында болды.

Сәмеке хан
Шахмұхаммед хан
Лауазымы
Орта жүз ханы
1719 — 1734
Ізашары Қайып хан
Ізбасары Әбілмәмбет хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 1660 (1660)
Қазақ хандығы
Қайтыс болуы 1734 (1734)
Орта жүз
Династия Төре
Әкесі Тәуке хан
Балалары Сеит хан
Есім хан ІІ
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Өмірбаяны

Сәмеке хан наймандар мен қыпшақтардың кейбір руларына және арғындардың бір бөлігіне иелік етті. Ол ішкі саясатта орта жүзді біріктіруге күш салды. Сыртқы саясатта жоңғарлар мен Орта Азия хандықтарының басқыншылық әрекеттеріне қарулық қарсылық көрсетумен белгілі болды. Сәмеке хан Әбілқайыр ханмен күш біріктіріп, қазақ жерін қалмақтардан босату мақсатында 1723 және 1726 жылдары Еділ бойындағы Кіші қалмақ ордасына 2 дүркін жорық жасады. Сыртқы және ішкі жаулармен күресте күшті көршісі Ресейге арқа сүйеуге тырысты. 1731 жылдың 15 желтоқсанында А.Тевкелевпен бірге Ресеймен арадағы қатынасқа байланысты келіссөз жүргізді. Сәмеке хан жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін оятқан, әскери біліктірілігімен танылған тұлға ретінде тарихта қалды.

Сілтемелер

  • Қазақ хандығы
  • Қазақ хандары
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 20, 2026

    Жеті ата

  • Наурыз 15, 2026

    Қажымұқан Мұңайтпасұлы

  • Наурыз 27, 2026

    Қазақстан экономикасы

  • Сәуір 02, 2026

    Хорезмшах мемлекеті

  • Сәуір 03, 2026

    Шыңғырлау (ауыл)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары