Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тарқақ үйіржұлдыз ( Open clusters, OC) ) — жүздеген, мыңдаған тұрақты жұлдыздар тым күшті емес тартылыс күштің әсерінде шоғырлануынан қалыптасқан үйіржұлдыз бол

Тарқақ үйіржұлдыз

  • Басты бет
  • Тарқақ үйіржұлдыз

Тарқақ үйіржұлдыз ( Open clusters, OC) ) — жүздеген, мыңдаған тұрақты жұлдыздар тым күшті емес тартылыс күштің әсерінде шоғырлануынан қалыптасқан үйіржұлдыз болып, оның диаметрі шамамен 30 жарық жылынан көп болып кетпейді.

Үйіржұлдыз NGC 3572 және оның жайласу ортасы

Тарқақ үйіржұлдыздағы тұрақты жұлдыздар Шар тәрізді үйіржұлдызға қарағанда өте тығыз орналаспайды, тұрақты жұлдыздар тығыздығы төмен болып келеді. Ол жаңа тұрақты жұлдыздар пайда болу жанданып жатқан өңірлерде қалыптасады. Әсіресе үйіріліп спиралды айналатын галактика білегі мен басқа да тәртібі қым-қиғаш галактикаларда көп кездеседі. Ондағы жұлдыздардың ғұмыржасы миллиондаған жылдан ұзамайды, тіпті жер бетіндегі кейбір тастарға қарағанда әлдеқайда жас болады.

VISTA Тарқақ үйіржұлдыздар мозайкасы

Біршама жас тарқақ үйіржұлдыз өзінің молекулярлық бұлт қалдықтары болады, Аңшы тұмандығындағы H II қалыптастырдаы.

Бірақ күзетуге негізделгенде аспанда Тарқақ үйіржұлдыздар соншылық көп емес. Бір үйіржұлдыздағы мүшелердің жасы мен құрамы қарайлас болғанымен, бәрібір айырым өзгешеліктер болады.

Үйіржұлдыз мүшелерінің өзара әсері күшті болмаған соң басқа аспан денелерінің тартылыс күшінде жан жаққа бөлініп кетуі мүмкін.

Бүркіт тұмандығындағы "Жаратылыс бағаны" аталатын жас молекулалық тұмандық

Тарқақ үйіржұлдыздардың орналасуы Шар тәрізді үйіржұлдызға ұқсамайды. Олар Құс жолының беткі қабаттарымен шектелген, галактиканың спиралды білегінде көбірек байқалады. Олар көбінесе жас аспан денелерінен құралады, кейбіреулерін есепке алмағанда (М86 қатарлы кәрі үйіржұлдыздарды айтпағанда), олар ары болғанда бірнеше миллион жылдық тарихқа ие.

Шар тәрізді үйіржұлдызға салыстырғанда оның тығыздығы төмен, тартылыс күшінің шектеуі әлсіз болады. Сондықтан жолыққан Молекулиярлық тұмандықтың және басқа да Үйіржұлдыздардың өзіне тартуымен оңай шашырап кетеді. Әдетте оның кейбір жұлдыздары жол-жөнекей басқаларына жұтылып кетіп отырады.

Ең әйгілі Тарқақ үйіржұлдыз Торпақ шоқжұлдызындағы Үркер мен Гиадалар үйіржұлдыздары. Персей шоқжұлдызындағы қосарлы Үйіржұлдыз h пен χ түнгі аспанда біршама айқын көрінеді. Тарқақ үйіржұлдыздар көк түсті жас жұлдыздарды негізгі жұлдыз етеді. Әдетте тұрақты жұлдыз үшін млиарттаған жылдық уақыт қысқа мезет есептеледі. Олар ақырласар кезде әлдеқашан тарқалып, басқаға қосылып кеткен болады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    Хорезмшах мемлекеті

  • Сәуір 08, 2026

    Сарысу (өзен)

  • Сәуір 11, 2026

    Бөген (өзен)

  • Сәуір 07, 2026

    Бурят тілі

  • Сәуір 13, 2026

    Доминикан Республикасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары