| Тасболат Мерекенов | |||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 9 қаңтар 1950 (76 жас) | ||||||
| Туған жері | Екпінді, Алакөл ауданы, Талдықорған облысы, Қазақ КСР | ||||||
| Азаматтығы |
| ||||||
| Мамандығы | кинопродюсер | ||||||
| Белсенді жылдары | 1976 жылдан | ||||||
| Бағыты | драма, мелодрама, тарихи фильмдер және көркем фильмдер | ||||||
| Марапаттары | | ||||||
Тасболат Мерекенов (1950 жылы 9 қаңтарда Талдықорған облысы Андреев ауданында туған) — қазақстандық кинопродюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2006). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.
Толығырақ
- Тасболат Мерекенов 1950 жылы 9 қаңтарда Талдықорған облысы Андреев ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген.
- Әкесі - Мерекенов Тасболат (1924 жылы туған ). Анасы - Мерекенова Нұржамал (1928 жылы туған ).
- 1976 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының экономика факультетін «Кино және телевизия экономикасы» мамандығы бойынша бітірген.
- Қазақ және орыс тілдерін біледі.
- 1976 жылдан Қазақфильм киностудиясы көркем фильмдер директоры, продюсері. «Медетфильм» студиясының директоры.
Шығармашылығы
- С. Райбаевтың «Әнші аралдың құпиясы» (1979), А. Қарсақбаевтың «Балалық шақтың кермек дәмі» (1981), С. Апрымовтың «Соңғы аялдама» (1990), А. Шәжімбаевтың «Жансебіл» (1991), С. Тәукеловтың «Батыр Баян» (1993), А. Әмірқұловтың «Абай» (1995), С. Нарымбетов «Ләйләнің зары» (2000), Т. Теменовтың, И. Пассердің, С. Бодровтың «Көшпелілер» (2004), Д. Манабайдің «Кек» (2005), Ф. Шлендорфтың «Ұлжан» (2006), Е. Тұрсыновтың «Келін» (2007), Э. Уразбаевтың «Прыжок Афалины» (2009), Р. Әбдірашевтың «Балалық шақтың аспаны» (2010) фильмдері;
Ә. Шәжімбаевтың «Алжир» деректі фильмі (1989); Б. Ғабитовтың «Қамшы» сатирикалық киножурналы (1982) фильмдердің директоры және продюсері.
Марапаттары
- 1970 - КСРОның «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі
- 2001 - "Қазақстан Республикасының тәуелсізідігіне 10 жыл" медалі
- 2002 - Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (атағы)
- 2006 - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (құрметті атағы)
- 2009 - ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет орденімен марапатталды
- 2017 - ҚР Президентінің жарлығымен Парасат орденімен марапатталды.
Жеке қасиеттері
- Діни көзқарасы - мұсылман.
- Саяси қайраткер рөтіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған зайырлы және демократиялық мемлекет».
- Хоббиі - футбол.
- Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық, тарихи, ғылыми-танымдық әдебиет.
Санаттар:
- 9 қаңтарда туғандар
- 1950 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алакөл ауданында туғандар
- Парасат орденінің иегерлері
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері
- Қазақстан мәдениет қайраткерлері
- Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты түлектері
- Қазақфильм тұлғалары

