Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Теңіз Бұқа (1361 жылы қайтыс болған) — XIV ғасырдың ортасында өмір сүрген қият тайпасынан шыққан ықпалды ортағасырлық әмір, Алтын Орданың шығыс қанатының (Көк О

Теңіз Бұқа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Теңіз Бұқа (1361 жылы қайтыс болған) — XIV ғасырдың ортасында өмір сүрген қият тайпасынан шыққан ықпалды ортағасырлық әмір, Алтын Орданың шығыс қанатының (Көк Орданың) билеушісі.

Шығу тегі

Теңіз Бұға қияттардың ақсүйек әулетінен шыққан. Оның әкесі Жыр Құтлы әмір әрі ұлысбек болған, ал атасы Исатай Қият Өзбек хан тұсындағы ең беделді беклербектердің бірі еді. Теңіз-Бұға Алтын Орданың батыс бөлігінің іс жүзіндегі билеушісі болған атақты түменбасы Мамайдың немере ағайыны болатын.

Билігі

Ол орталығы Сығанақ қаласы болған аймақтарды басқарды. Жошы ұлысындағы орталық билік әлсіреп, 1360-жылдардағы «Ұлы дүрбелең» кезеңі басталғаннан кейін, Теңіз Бұқа өз атынан билік жүргізу үшін таққа қуыршақ хандарды отырғызуға тырысты. Ол Тоқа Темір әулетінің өкілі Қара Ноғай тарапынан тақтан тайдырылып, өлтірілді. Теңіз Бұқаның өлімінен кейін өңірдегі билік Ұрыс ханның қолына өтті.

Сілтемелер

Жоғары