Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 426 мың км2, Қазақстандық алабы 130 мың км2. Басты салалары – Шортанды, Сынтасты, Әйет, Үй, Обаған (көпш

Тобыл өзені

  • Басты бет
  • Тобыл өзені
 Басқа мағыналар үшін Тобыл (айрық) деген бетті қараңыз.

Тобыл (орыс. Тобол) — Ертіс алабындағы өзен.

Тобыл
Сипаттамасы
Ұзындығы 1591 км
Су алабының
ауданы
426 000 км²
Су алабы Солтүстік Мұзды мұхиты
Су шығыны 805 м³/с (272)
Су ағысы
Бастауы Оңтүстік Орал
 • Орналасқан жері Тобыл ауылының маңында
 • Координаттары 51°23′27″ с. е. 60°32′24″ ш. б. / 51.39083° с. е. 60.54000° ш. б. / 51.39083; 60.54000 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Ертіс
 • Орналасқан жері Тобыл қаласы
 • Координаттары 58°09′14″ с. е. 68°12′55″ ш. б. / 58.15389° с. е. 68.21528° ш. б. / 58.15389; 68.21528 (G) (O) (Я)Координаттар: 58°09′14″ с. е. 68°12′55″ ш. б. / 58.15389° с. е. 68.21528° ш. б. / 58.15389; 68.21528 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Тобыл бассейні
Тобыл бассейні
Ел Қазақстан, Ресей
Аймақ Қостанай облысы, Қорған және Түмен облыстары
Ортаққордағы санаты: Тобыл

Мазмұны

Географиялық орны

Қазақстанның Қостанай облысы және Ресейдің Қорған, Түмен облыстары жерімен ағады.

Бастауы

Тобыл Оңтүстік Оралдың шығыс сілемдерінің бірі – Қараадырдан басталып, Ертіске құяды.

Су алабы

Қазақстан жеріндегі ұзындығы 800 км, су жиналатын алабы 426 мың км2, Қазақстандық алабы 130 мың км2. Басты салалары – Шортанды, Сынтасты, Әйет, Үй, Обаған (көпшілігі сол жағынан құяды). Өзен алабында Жақсы Алакөл, Жаман Алакөл, Қулыкөл, Тентексор, Томарлыкөл, Теңіз, т.б. көлдер бар.

Гидрологиясы

Бастаулық бөлігінде Торғай қолатымен өтеді. Бұл тұста өзен арнасы тастақты келеді және аңғарында ойдым-ойдым қарасулар көп кездеседі. Аңғары өте енді, 2 – 30 км аралығында. Негізінен қар (60%-ы) және жауын-шашын суымен толысады. Жылдық ағынның 82,5%-ы көктемде, 13,5%-ы жазда – күзде, 4,0%-ы қыста болады; жоғарғы деңгейі сәуір – маусым айларына келеді. Қазақстандық бөлігіндегі жылдық орташа су ағымы 26,2 м3/с, орташа лайлығы 300 г/м3, минералдылығы 500 – 600 мг/л-ге, далалық өңірде 2000 мг/л-ге жетеді. Суы хлорлы. Өзен қараша – сәуір айлары аралығында қатады; мұзының қалыңдығы 70 – 78 см. Жазғы суының орташа температурасы 19 – 20°С кейде шілдеде 28,2°С-қа дейін жылынады.

Сипаты

Кең жазық болып келген өзен жайылмасында шоқ қарағайлы орман өседі. Өзенде балық бар. Алабы тың және тыңайған жерлерді игерудің нәтижесінде республикадағы сансалалы ауыл шаруашылық дамыған басты астықты өңірге айналды. Қойнауынан темір кентасы, көмір асбест қорлары анықталды. Аңғарында еліміздегі салалық ірі кәсіпорындар саналатын Соколов-Сарыбай кен-байыту, Жітіқара асбест, Лисаковск кен-байыту комбинаттары, т.б. орналасқан. Тобыл суын тиімді пайдалану үшін Жоғарғы Тобыл бөгені, Қаратомар бөгені, Амангелді, Желқуар, Қызылжар бөгендері салынған. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Тұз қышқылы

  • Сәуір 03, 2026

    Дүниежүзілік көрме

  • Наурыз 23, 2026

    Тері

  • Сәуір 07, 2026

    Қармақшы ауданы

  • Наурыз 11, 2026

    Орта жүз

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары