| Томас Стаффорд | |
| ағылш. Thomas Patten Stafford | |
12.04.1972 жылғы фото | |
| Мемлекеті |
|
|---|---|
| Мансабы | Ғарышкер |
| Экспедициялары | Джемини-6A (1965), |
| Ғарышта болған уақыты | 21 күн 3 сағат 42 минут |
| Туған күні | 17 қыркүйек 1930 |
| Туған жері | Уэтерфорд, Оклахома |
| Қайтыс болған күні | 18 наурыз 2024 (93 жас) |
| Қайтыс болған жері | Сателлит-Бич, Флорида |
Ортаққордағы санаты: Томас Стаффорд | |
Томас Стаффорд(17.09.1930 жылы туған, Уэтерфорд, Оклахома штаты) — АҚШ-тың ұшқыш-космонавты, бригадалық генерал.
Әскери - теңіз академиясын бітіріп (1952), ғылым бакалавры дәрежесін алды. Әскери ауа күштерінде қызмет етті. 1959 жылы Эдуардс авиация базасындағы сынаушы - шқыштар мектебін бітіргеннен соң, осы базадағы аэрокосмостық зерттеулерге ұшқыштар даярлайтын мектептің басшыларының бірі болды. 1962 жылдан АҚШ Аэронавтика және космос кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының космонавтар тобында. 1965 жылы 15 - 16 желтоқсанда "Джемини - 6" косомс кораблімен 2 - ұшқыш ретінде (У.Ширрамен бірге), ал 1966 жылы 3 - 6 шілдеде "Джемини - 9" космос кораблімен корабль командирі ретінде (Ю.Сернанмен бірге) космосқа ұшты. 1969 жылы 18 - 26 маусымда корабль командирі ретінде (Дж. Янг және Ю.Сернанмен бірге) "Аполон - 10" космос кораблімен Айды орағыта ұшып, 24 маусымда Айдың жасанды спутнигі орбитасында ауысты. Стаффорд және Ю.Сернан мінген ай кабинасы корабльден бөлініп, Ай бетіне 15 километр жақындады. Стаффорд 1975 жылы 15 - 21 шілдеде В.Бранд және Д.Слейтонмен бірге кеңестік "Союз" және америкалық "Аполлон" космос корабльдерінің топтасып әрі бір - бірімен түістіріліп ұшуына қатысты.
Қолданылған әдебиет
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 414 бет
- 17 қыркүйекте туғандар
- 1930 жылы туғандар
- 18 наурызда қайтыс болғандар
- 2024 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- АҚШ ғарышкерлері
