Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

1376 жылы Тоқтақияның ағасы Құтлық Бұға Тоқтамыспен болған шайқаста қаза болады. 1377 жылы Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс Ақ Ордаға қарсы екінші жорығына атта

Тоқтақия хан

  • Басты бет
  • Тоқтақия хан

Тоқтақия хан— 1377 жылы билік еткен Ақ Орданың ханы. Тоқтақия — Ұрыс ханның екінші ұлы.

Тоқтақия хан
Лауазымы
Ақ Орданың 10-шы ханы
1377 — 1377
Ізашары Ұрыс хан
Ізбасары Темірмәлік хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 1377 (1377)
Династия Ордаежендіктер
Әкесі Ұрыс хан
Балалары ұлдары: Болат сұлтан, Бұғұшақ, Тәңірберді
қыздары: Бақышбике, Севді, Тәтлі
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Өмір баяны

1376 жылы Тоқтақияның ағасы Құтлық Бұға Тоқтамыспен болған шайқаста қаза болады. 1377 жылы Әмір Темірдің көмегімен Тоқтамыс Ақ Ордаға қарсы екінші жорығына аттанады. Оған қарсы жіберген Ақ Орда әскеріне Тоқтақия басшылық жасап, Тоқтамысты Сауран маңында тас-талқан етеді. Осыдан кейін Ұрыс хан Темірланға соғыс қаупімен Тоқтамысты өзіне беруді талап етеді, бірақ Ақсақ Темір бұл талапты қабылдамайды.

1377 жылы Әмір Темірдің өзі Ақ Ордаға қарсы жорыққа дайындала бастайды және көп ұзамай оның шекарасына басып кіріп, Сығанақтағы Ұрыс хан әскерлеріне қарама-қарсы орналасады. Бірақ қатты аяздан жауынгерлер қолдарына қару ұстай алмай, Темірлан Орданы жаулап алуды көктемге қалдырады. Алайда, Ұрыс хан кенеттен қайтыс болғандықтан, шешуші қақтығыс орын алмайды. Тоқтақия әкесінің орнын басқанымен, екі айдан кейін ол да қайтыс болады. Оның орнына билікке Ұрыс ханның келесі ұлы Темір-Мәлік келеді.

Жанұясы

Тоқтақияның үш ұлы – Болат сұлтан, Бұғұшақ, Тәңірберді және үш қызы – Бақышбике, Севді, Тәтлі болды. Тоқтақия немересі, Болаттың ұлы Керей 1465 жылы Жәнібек інісімен Қазақ хандығын құрады.

Әдебиет

  • Р.Ю. Почекаев. «Орда патшалары» - Санкт-Петербург. Еуразия. 2010
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Юнус пайғамбар

  • Сәуір 03, 2026

    Әлеуметтік ұйым

  • Сәуір 06, 2026

    Тянь-Шань таулары

  • Сәуір 05, 2026

    Цинь империясы

  • Наурыз 11, 2026

    Керей хан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары