| Тұрдықылыш Ізтай | |
| Туған күні | 30 маусым 1949 |
|---|---|
| Қайтыс болған күні | 18 ақпан 2020 (70 жас) |
| Азаматтығы |
|
| Жұбайы | |
Тұрдықылыш Ізтай (30 маусым 1949 — 18 ақпан 2020, Түрікменстан, Тахтабазар ауданы) – сазгер. Қазақстан Композиторлар одағы облыстық филиалының директоры болды.
Өмірбаяны
Адай руынан шыққан. Шымкент музыка училищесін (1968), Құрманғазы атындағы консерваторияны (1973), Ленинградтағы Н.К. Крупская атындағы мәдениет институтының аспиратурасын (1993) бітірген. 1973 – 1994 ж. Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтының халық аспаптар кафедрасының доценті. 1994 ж. Ш.Қалдаяқов атындағы облысы филармонияның көркемдік жетекшісі, халық аспаптары оркестрінің дирижері.
Шығармашылығы
Ол 20-дан астам ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстардың авторы. Әндері жеке альбом болып «Махаббат – өмір» деген атпен жарық көрді. Халықаралық, республика, облыстық байқаулардың лауреаты. Облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталған, облыс әкімі белгілеген «2000 жылдың ең үздік композиторы» атанған.
Cілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 30 маусымда туғандар
- 1949 жылы туғандар
- 18 ақпанда қайтыс болғандар
- 2020 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша сазгерлер
- Алфавит бойынша музыканттар
- Сазгерлер
- Қазақстан сазгерлері