Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Увс аймағы немесе Ұбыс аймағы (моңғ. Увс аймаг) Моңғолияның батысында орналасқан. 1931 жылы орнаған. Увс аймағы шырғанағы мен әлемге әйгілі. Бұл аймақта бірнеше

Увс аймағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ұбыс аймағы
-{Увс аймаг}-
Ұбыс аймағы БайрағыҰбыс аймағы Үлкен мөрі
Карта
Карта
Құрылу1931
ЕлордасыУлаангом
Аумағы69,585 км²
Жұрты
  Барлығы (2009)
  Жұрт тығыздығы

90,037
1.29/км²
Телефон белгілемесі+976 (0)145
Автомобилдік нөмірлерУВА
ISO 3166-2MN-046
Веб сайт www.uvs-aimag.mn

Увс аймағы немесе Ұбыс аймағы (моңғ. Увс аймаг) Моңғолияның батысында орналасқан. 1931 жылы орнаған. Увс аймағы шырғанағы мен әлемге әйгілі. Бұл аймақта бірнеше ұлт өкілдері тату тәтті тұруда. Жер көлемі 69585 км² .

Географиясы

Увс аймағы Моңғолияның батысында Ханхөхий, Хархираа, Түргэн таулары Увс көлі маныңдағы шөлейт жерлерде орналасқан. Ең биік тауы 4116 м биік Хархираа тауы. Аймақтың солтүстігінде Ресеймен (Тува республикасы). оңтүстік батысында Баян-Өлгей аймағымен, Ховда аймағымен, шығысында Завхан аймағымен шекараласып жатады.

Увс аймақ териториясында Тэс өзені, Нарийн өзені, Завхан өзені, Ховд өзені ағады, Увс көлі, Хяргас нуур көлі, Үүрэг нуур көлі, Ачит нуур көлі бар.

Халқы

Увс аймағының халқының көбін батыс моңғол тайпаларының үлесінде — баяттар, дөрбөттер және хотондар (70 %) . Қалғандары — халха моңғолдар, тувалар және қазақтар. Қазақтар көбіне қазақ көп тұратын Баян-Өлгей аймығына шекаралас жерлерде және аймақ орталығы Улаангом қаласында тұрады.

Сұмындары

Увс аймағының сумындары
  • Баруунтуруун сумы
  • Бөхмөрөн сумы
  • Давст сумы
  • Завхан сумы
  • Зүүнговь сумы
  • Зүүнхангай сумы
  • Малчин сумы
  • Наранбулаг сумы
  • Өлгий сумы
  • Өмнөговь сумы
  • Өндөрхангай сумы
  • Сагил сумы
  • Тариалан сумы
  • Тэс сумы
  • Түргэн сумы
  • Улаангом сумы
  • Ховд сумы
  • Хяргас сумы
  • Цагаанхайрхан сумы

Экономикасы

Халықтың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы және егін егіу. Егін шаруашылықтары аймақтың оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. Аймақ орталығы Улаангомда құрылыс материалдар комбинаты, азықтүлік комбинаты жұмыс істейді. Ресейге Давст сұмындағы Боршоо, Тэс сұмындағы Тэс боомт бақылау пунктері арқылы қатынайды. Нүүрст хотгор, Хар Тарвагатай кең орындарында тас көмір қазылады. Увс көлінде табиғи тұзды үлкен кеңдері бар.

1993 жылы Батыс Моңғолия электржелісінің "Хандагайты-Улангом" бөлігі арқылы Ресейдің Сібір БЭЖ-не қосылған. Қазіргі таңда бұл электржелісін сұмындарға жеткізу жұмыстары жүрілуде. Қазақстанның Өскемен қаласы және ел астанасы Ұлаанбаатар қаласына үнемі ұшақ қатынауда. Аймақ көлемінде ұялы байланыстын GSM стандартына сай Mobicom, G-mobil CDMA стандартына сай Unitel, Skytel операторлары бар.

Үлгі:Увс аймағы Моңғолия

Жоғары