Фундаменталды әсерлесу (ағылш. fundamental interactions, кейде Фундаменталды күштер, ағылш. fundamental forces) — физикадағы ең негізгі әсерлесу болып, оларды тіпті де қарапайым әсерлесулерге қысқарту мүмкін еместей көрінеді. Мұнда төрт фундаменталды әсерлесу бар екені белгілі: гравитациялық әсерлесу және электромагниттік әсерлесу, (бұлардың әсері күнделікті өмірде тікелей байқалады, олар ұзақ қашықтыққа әсер ететін күш туғызады), сондай-ақ күшті әсерлесу және әлсіз әсерлесулер, (бұлар болымсыз, субатомдық өлшемдегі күштер туғызады және ядролық әсерлесуді басқарады. Кейбір ғалымдар бесінші күш болуы мүмкін деген болжам жасайды, бірақ бұл гипотезалар жорамалдық болып қалуда.
Әрбір танылған фундаменталды әсерлесуді өріс ретінде математикалық сипаттауға болады. Альберт Эйнштейннің жалпы салыстырмалылық теориясы бойынша, гравитациялық күш уақыт-кеңістіктің иілуімен байланысты. Қалған үшеуі дискретті кванттық өрістер болып, олардың әрекеттесуін бөлшек физикасының стандартты моделімен сипатталған қарапайым бөлшектер іске асырады.
- Күш
- Қарапайым бөлшектер физикасы