Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Оскар» (2021 — екі мәрте)«Алтын глобус» (2021 — екі мәрте)«BAFTA» (2021 — екі мәрте)«Алтын арыстан» (2020)

Хлоя Чжао

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хлоя Чжао
ағылш. Chloe Zhao
Сурет
Хлоя Чжао (2026)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Чжао Тин

Туған күні

31 наурыз 1982 (1982-03-31)(44 жас)

Туған жері

Бейжің, Қытай

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр
сценарийші
кинопродюсер
монтажер

Белсенді жылдары

2008 — қазіргі уақыт

Марапаттары

«Оскар» (2021 — екі мәрте)
«Алтын глобус» (2021 — екі мәрте)
«BAFTA» (2021 — екі мәрте)
«Алтын арыстан» (2020)

IMDb

ID 2125482

Ортаққордағы Хлоя Чжао

Хлоя Чжао (ағылш. Chloe Zhao, туған кездегі есімі — Чжао Тин ағылш. Zhao Ting, қыт. 赵婷; 31 наурыз 1982 жыл, Бейжің, Қытай) — қытайда туылған америкалық кинорежиссёр, сценарийші, кинопродюсер және монтажер. Ол ең алдымен тәуелсіз фильмдердегі жұмыстармен танымал. «Үздік режиссура» номинациясында «Оскар» сыйлығын жеңіп алған екінші әйел (Кэтрин Бигелоудан кейін).

Оның алғашқы толықметражды туындысы — «Ағаларым үйреткен әндер» (2015) фильмінің тұсаукесері «Сандэнс» кинофестивалінде өтіп, сыншылардың жоғары бағасына ие болды, сондай-ақ «Үздік дебюттік фильм» номинациясында Тәуелсіз рух жүлдесіне ұсынылды. Режиссердің келесі жұмысы — «Шайбан» (2017) фильмі де киносыншылар тарапынан үлкен қолдау тауып, Тәуелсіз рух марапатының «Үздік фильм» және «Үздік режиссер» номинацияларын еншіледі.

Чжао өзі сценарийін жазып, продюсерлік еткен, монтаждаған және режиссерлік қызметін атқарған «Көшпенділер жері» (2020) америкалық драмасы арқылы әлемдік деңгейде танылды. Бұл туынды көптеген беделді марапаттарға ие болды, соның ішінде Венеция кинофестивалінің «Алтын арыстан» жүлдесі мен Торонто халықаралық кинофестивалінің көрермендер көзайымы жүлдесі бар. Осы фильм үшін «Оскардың» төрт номинациясына ұсынылған Чжао «Үздік фильм» және «Үздік режиссер» санаттарында жеңіске жетіп, тарихта «Үздік режиссер» атағын алған алғашқы нәсілді әйел атанды. Сонымен қатар, ол Америка режиссерлер гильдиясының сыйлығы, «Алтын глобус» және BAFTA марапаттарын иеленіп, бұл сыйлықтарды жеңіп алған тарихтағы екінші әйел режиссер ретінде тіркелді.

Бұдан кейін Чжао Marvel кинематографиялық әлемінің «Мәңгіліктер» (2021) суперқаһармандық фильмінің сценарийін бірлесіп жазып, режиссерлік етті. Оның 2025 жылы жарық көрген «Хамнет» фильмі 52-ші Теллураид кинофестивалінде алғаш рет көрсетіліп, сыншылардың зор ілтипатына бөленді. Бұл туынды 2025 жылы «Үздік драмалық фильм» номинациясында «Алтын глобус» сыйлығын, «Үздік британдық фильм» санатында BAFTA жүлдесін жеңіп алып, «Оскардың» «Үздік фильм» номинациясына үміткерлер қатарына енді.

Фильмография

Толықметражды фильмдер

Жыл Атауы Шынайы атауы Рөлі
2015 ф Ағаларым үйреткен әндер (ағыл.) Songs My Brothers Taught Meрежиссёр, сценарийші, продюсер, монтаждаушы
2017 ф Шайбан (ағыл.) The Riderрежиссёр, сценарийші, продюсер
2020 ф Көшпенділер жері (ағыл.) Nomadlandрежиссёр, сценарийші, продюсер, монтаждаушы
2021 ф Мәңгіліктер (ағыл.) Eternalsрежиссёр, сценарийші
2023 ф Түлектер (ағыл.) The Graduatesатқарушы продюсер
2025 ф Хамнет Hamnetрежиссёр, сценарийші, атқарушы продюсер, монтаждаушы
Жоғары