| Шынжылы өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 110 км |
| Су алабының ауданы | 1510 км² |
| Су алабы | Алакөл алабы |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Жетісу Алатауындағы Көктөбе тауы |
| • Координаттары | 45°36′25″ с. е. 80°38′22″ ш. б. / 45.60694° с. е. 80.63944° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Тентек өзенінің сол жағы |
| • Координаттары | 46°12′26″ с. е. 80°53′08″ ш. б. / 46.20722° с. е. 80.88556° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°12′26″ с. е. 80°53′08″ ш. б. / 46.20722° с. е. 80.88556° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Жетісу облысы Алакөл ауданы |
Географиялық орны
Шынжылы – Алакөл алабындағы өзен. Ұзындығы 110 км, су жиналатын алабы 1510 км2.
Бастауы
Солтүстік Жетісу Алатауы ндағы Көктөбе тауының солтүстік беткейінен басталып, Үшарал қаласынан 5 км төменде Тентек өзеніне сол жағынан құяды.
Гидрологиясы
Жоғары және орта ағыстарында аңғары тар, таулық сипатты, жағасы тік жарлы (5 – 12 м). Жайылмасы төменгі бөлігінде ғана айқын қалыптасқан, ені 50 – 120 м. Негізгі салалары: Байбол, Көктас, Қарғалы, Жыланды. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Көктемде және жаздың басында тасиды. Көп жылдық орташа су ағымы сағасы тұсында 2,70 м3/с. Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Бойында екі суару каналы салынған.
- Алфавит бойынша өзендер
- Алакөл ауданы өзендері
- Алакөл су алабы