Шыңғырлау ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Орталығы – Шыңғырлау ауылы, Орал қаласына дейінгі қашықтығы – 225 км. Аудан 1928 жылы құрылған. Аумағы 7,2 мың шаршы км тең.
| Қазақстан ауданы | |
| Шыңғырлау ауданы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Облысы | Батыс Қазақстан облысы |
| Аудан орталығы | |
| Ауылдық округтер саны | 8 |
| Ауыл саны | 25 |
| Әкімі | Мұрат Амангелдіұлы Өмірәлиев |
| Аудан әкімдігінің мекенжайы | Шыңғырлау ауылы, Қылышев көшесі, №95 |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 50°40′48″ с. е. 53°55′12″ ш. б. / 50.68000° с. е. 53.92000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°40′48″ с. е. 53°55′12″ ш. б. / 50.68000° с. е. 53.92000° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Жер аумағы | 7,2 мың км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 13 044 адам (2023) |
| Ұлттық құрамы | қазақтар (86,01%), орыстар (7,31%), татарлар (3,44%), украиндар (2,62%), басқалары (0,62%) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Пошта индексі | 091200- 091210 |
| Автомобиль коды | 07 |
| Шыңғырлау ауданының әкімдігі | |
|
| |
|
| |
Географиялық орны, жер бедері
Оңтүстігінде Қаратөбе, батысында Сырым, Бөрлі ауданы, солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысы, шығысында Ақтөбе облысы Қобда ауданымен шектеседі. Аудан аумағының жер бедері тегіс. Ең ірі өзендер: Елек, Шыңғырлау, Ащы, Шилі, олардың жалпы ұзындығы 350 км. Тұщы және тұзды көлдер: Сұлукөл, Қонақай, Соркөл (278 шаршы км). Аудан аумағында дәнді-жусан шөптері бар қара топырақты жерлер басым.
Халқы
| 1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 16889 | ▲20548 | ▲27960 | ▲28505 | ▼26400 | ▼21799 | ▼16116 | ▼14496 |
Халқының саны 2019 жылы 14 744 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 85,54%, орыстар – 7,40%, басқалары — 7,06%.
Әкімшілік бөлінісі
25 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген:
| Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
|---|---|---|---|
| Ақбұлақ ауылдық округі | Ақбұлақ ауылы | 2 | ▼517 |
| Ақтау ауылдық округі | Ақтау ауылы | 2 | ▼458 |
| Ақшат ауылдық округі | Ақшат ауылы | 2 | ▼1313 |
| Алмаз ауылдық округі | Алмаз ауылы | 3 | ▼723 |
| Ардақ ауылдық округі | Ардақ ауылы | 1 | ▼330 |
| Ащысай ауылдық округі | Ащысай ауылы | 5 | ▼813 |
| Қараағаш ауылдық округі | Қараағаш ауылы | 4 | ▼558 |
| Шыңғырлау ауылдық округі | Шыңғырлау ауылы | 6 | ▲8320 |
Ірі елді мекендері
| Атауы | Статусы | Халқы (2021) |
|---|---|---|
| Шыңғырлау | ауыл | ▲ 7639 |
| Ақшат (Лубенка) | ауыл | ▼ 1313 |
| Алмаз | ауыл | ▼ 532 |
| Ащысай | ауыл | ▼ 511 |
| Ақбұлақ (Тасмола) | ауыл | ▼ 500 |
Шаруашылығы
Шаруашылықтардың негізгі бағыты – астық бағытындағы дала шаруашылығы болып табылады. Дала шаруашылығымен қатар ет-сүт бағытындағы ірі қара шаруашылығы дамыған.
