Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ырғыз Уезі — әкімшілік-аумақтық бөлініс. Қазақ даласын басқару үшін Ресей өкіметі шығарған уақытша Ережелерге сәйкес 1868 жылы Торғай облысының құрамында ұйымда

Ырғыз уезі

  • Басты бет
  • Ырғыз уезі

Ырғыз Уезі — әкімшілік-аумақтық бөлініс. Қазақ даласын басқару үшін Ресей өкіметі шығарған уақытша Ережелерге сәйкес 1868 жылы Торғай облысының құрамында ұйымдастырылған.

Солтүстігінде Қостанай, солтүстік-батысында Ақтөбе уездерімен, оңтүстігінде Сырдария облысымен (1867), Арал теңізімен шектесті. Қазақ жерін пайдалану жөніндегі 19 ғасырдың соңындағы мәліметтерге қарағанда Ырғыз уезінің солтүстігіндегі халықтың 45%-ы, оңтүстігінде 1,5%-ы егіншаруашылығымен айналысқан.

Әкімшілік жағынан Ырғыз уезі 14 болысқа бөлінді. 19 ғасырдың бас кезінде уезд халқының жалпы саны 105 446 адамды құрады. Олар негізінен Кіші жүздің шөмекей, төртқара, шекті, тілеу, қаракесек, т.б. рулардың өкілдері болды. Тұрғындарының басым бөлігі бастапқыда уездің оңтүстігіндегі Кіші Борсық, Үлкен Борсық, Қарақұм аймағын, Арал теңізінің жағалауын мекендесе, кейіннен біртіндеп солтүстікке жылжып, егіншілікпен кеңінен шұғылдана бастады.

1928 жылы кеңес өкіметі жүргізген жаңа әкімшілік-аумақтық реформаларға байланысты Ырғыз уезі жойылды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Қысым

  • Сәуір 07, 2026

    Іле ойысы

  • Сәуір 05, 2026

    Орал таулары

  • Сәуір 08, 2026

    Ырғыз уезі

  • Сәуір 03, 2026

    Шоқан Уәлиханов

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары