Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Эрнст Генрих Геккель (16 ақпан 1834, Германия, Потсдам – 9 тамыз 1919, Йена) — неміс биологы, натуралисті және философы.

Эрнст Геккель

  • Басты бет
  • Эрнст Геккель

Эрнст Генрих Геккель (16 ақпан 1834, Германия, Потсдам – 9 тамыз 1919, Йена) — неміс биологы, натуралисті және философы.

Эрнст Генрих Геккель
нем. Ernst Heinrich Philipp August Haeckel
Туған күні

16 ақпан 1834 (1834-02-16)

Туған жері

Потсдам, Пруссия

Қайтыс болған күні

9 тамыз 1919 (1919-08-09) (85 жас)

Қайтыс болған жері

Йена, Апольда, Саксен-Веймар-Эйзенах, Герман империясы

Азаматтығы

 Германия

Ғылыми аясы

жаратылыстану

Жұмыс орны

Йен университеті

Ғылыми дәрежесі

докторлық дәреже

Альма-матер

Фридрих Вильгельм атындағы университеті
Гумбольдт атындағы Берлин университеті

Ғылыми жетекші

Иоганн Петер Мюллер

Атақты шәкірттері

Оскар Гертвиг, Николай Николаевич Миклухо-Маклай

Эрнст Генрих Геккель Ортаққорда

1852–1957 жылдары Берлин, Вюрцбург университеттерінде оқытушы, 1861–1909 жылдары Йена университетінде приват-доцент, профессор болды. Радиолярияларды (1862 және 1887), әктасты губкаларды (1872) және медузаларды (1879, 1880) зерттеген. Эволюциялық ілімді ілгері дамыту бағытындағы “Организмдердің жалпы морфологиясы” (1866), “Дүние жаратылысының табиғи тарихы” (1868), “Антропогения немесе адамның даму тарихы” (1874), “Табиғаттың көркем пішіндері” (1904) атты ғылыми еңбектері белгілі. Геккель бірінші болып ғылымға “экология” терминін енгізді (1866). Ол Ч. Дарвиннің түрлердің шығу тегі туралы теориясы негізінде тірі табиғаттың тегі мен даму заңдылығы жайындағы ілімді дамыта отырып, Ф. Мюллермен бірге биогенетикалық заңның негізін салды. Геккель өсімдіктер мен жануарлардың ірі жүйелік топтарының шығу тегі мен дамуын анықтауда “үштік параллель” (салыстырмалы эмбриология, салыстырмалы анатомия және палеонтология) әдісін ұсынды. Эволюциялық даму барысында адамдар мен маймылдарды питекантроптар байланыстырады деген пікір айтқан.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Наполеон Бонапарт

  • Наурыз 10, 2026

    Зат есім

  • Сәуір 03, 2026

    Арканзас (штат)

  • Наурыз 11, 2026

    Жұрнақ

  • Наурыз 12, 2026

    Мағжан Бекенұлы Жұмабаев

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары