Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Юрген Хабермас (нем. Jürgen Habermans; 18 маусым 1929 жыл, Дюссельдорф – 14 наурыз 2026 жыл, Штарнберг) — неміс философы, әлеуметтанушысы, әлеуметтік теоретигі,

Юрген Хабермас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Хабермас, 2008 жыл

Юрген Хабермас (нем. Jürgen Habermans; 18 маусым 1929 жыл, Дюссельдорф – 14 наурыз 2026 жыл, Штарнберг) — неміс философы, әлеуметтанушысы, әлеуметтік теоретигі, белгілі әлеуметтік ойшыл.

Өмірбаяны

Хабермас Франкфурт мектебінің өкілі еді. Оның көзқарасынша, әлемдегі дағдарыстар мәдени-әлеуметтік сипатқа ие, сондықтан қандай да болсын экономикалық, саяси құбылыстың түкпірінен мәдени факторларды таба білген жөн.

Хабермас ілімінің маңызды элементі — коммуникативті іс-әрекет теориясы. Хабермас адам іс-әрекетінің қос түрін көрсетеді: коммуникативтік және стратегиялық. Стратегиялық іс-әрекеттердің мәні оның бір мақсат-мүддені көздейтіндігінде, соған қызығушылығында. Алға қойған мақсатқа жету барысында адамдар бір-бірін қайткен күнде де саналы түрде не санасыз күйде арбауға бейім тұрады. Стратегиялық іс-әрекет түрі әлеуметтік бірлесу тұрғысынан алып қарағанда жатсынуға, индивидтің ұжымға лайықтылық қасиеттерін жоғалтуына әкеледі. Шынайы бірлесудің тек қана сұхбаттық дискурсте мүмкін екендігін көрсеткен Хабермас саяси ғылымдардың диалог тақырыбына бет бұруына көп ықпал етті.

Eңбектері

Харебмас еңбектері қатарында "Модерн жайлы философиялық дискурс" (1986), "Фанкфурт мектебінің әлеуметтік философиясы" (1978) және т.б. болды.

Жоғары