Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

{{lang-en|James V of Scotland}}"},"Суреті":{"wt":"Portrait_of_James_V_of_Scotland_(1512_-_1542).jpg"},"Атауы":{"wt":"[[Корнель де Лион]] жасаған портрет"},"Суре

Яков V

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

V Джеймс
шотл. Seumas V Alba
ағылш. James V of Scotland
V Джеймс

Корнель де Лион жасаған портрет
V Джеймс
Лауазымы
Ту
Ту
Шотландия патшасы
9 қыркүйек 1513  14 желтоқсан 1542
Тәж кигізу жорасы 21 қыркүйек 1513
Регент Маргарита Тюдор (1513–1514)
Джон Стюарт, Олбани герцогы (1515–1524)
Арчибальд Дуглас, 6-Ангус графы (1525–1528)
Ізашары IV Джеймс
Ізбасары I Мария
Өмірбаяны
Діні Католицизм
Дүниеге келуі 10 сәуір 1512 (1512-04-10)
Линлитгоу сарайы, Батыс Лотиан, қазіргі Шотландия
Қайтыс болуы 14 желтоқсан 1542 (1542-12-14)(30 жас)
Фолкленд сарайы, Файф, қазіргі Шотландия
Жерленді Холируд аббаттығы, Эдинбург
Династия Стюарттар
Әкесі IV Джеймс
Анасы Маргарита Тюдор
Жұбайы 1) Мадлен де Валуа
2) Мария де Гиз
Балалары 2-некеден
Джеймс Стюарт
Мария Стюарт
Марапаттары Алтын руна ордені
V Джеймс Ортаққорда

V Джеймс (шотл. Seumas V, ағылш. James V, 10 сәуір 1512 жыл — 14 желтоқсан 1542 жыл) — Стюарттар әулетінен шыққан Шотландия патшасы (1513—1542).

Жас кезі

V Джеймс — Шотландия патшасы IV Джеймс мен Англия патшасы VIII Генринің апайы Маргарита Тюдордың ұлы. 1513 жылы Флодден түбіндегі шайқаста IV Джеймс қайтыс болғаннан кейін Шотландияның тағына екі жасқа толмаған ұлы V Джеймс келді. Кәмелетке толмаған патшаның тұсында регенттік кеңесті алғашқыда Маргарита Тюдор басқарды, алайда оның ағылшындыққа деген көзқарасы және Ангус графымен жаңа некесі шотланд ақсүйектерінің наразылығын туғызды. Нәтижесінде регенттікті 1515 жылы Олбани герцогы Джон Стюартқа берілді. Шотландиядағы Олбани герцогы билік еткен кезде (1515—1524) мемлекеттің Францияға қатысты сыртқы саясатының дәйекті бағытымен және елдегі тұрақтылықпен сипатталды. Мемлекеттің таланттарына және герцогтың абыройының жоғары болуы Арран мен Ангус басқарған екі барондық топ арасындағы қарама-қайшылықтан теңгерімді сақтауға мүмкіндік жасады.

Сол мезетте, Шотландияда ағылшындық рай күшейе түсті. 1521 жылы Шотландияның әлеуметтік ойы тарихында алғаш рет ағылшын-шотландия униясының болашақтағы артықшылықтарын қорғау және Британ аралдарындағы біртұтас мемлекеттің құру туралы Джон Мейджордың «Ұлы Британия» атты кітабы жарияланды. Англиямен жақындасу идеясының өсіп келе жатқан танымалдығы, 1522–1523 жылдары Британ аумағына қарулы басқыншылық ұйымдастыру үшін Олбани Герцогының екі рет жасалған әрекетінің құлдырауынан көрінді: шотланд ақсүйектері соғысқа қатысудан бас тартты. Англияның патшасы VIII Генринің ағылшындық райды белсенді түрде қолдады, оның негізі Шотландиядағы тыңшысы Ангус графы болды.

1524 жылы ағылшынфильдік рай толқынында Олбани герцогы регенттен босатылды. V Джеймстің дербес билігінің басталуы туралы жарияланды, бірақ билікті шын мәнінде Эдинбург қамалында жас патшаны ұстап отырған Ангус графы басып алды. Шотландтық барондардың көпшілігі Ангус үкіметін қолдаудан бас тартты, алайда 1526 жылы Леннокс графы патшаны босату үшін басқарған көтеріліс сәтсіз болды, Леннокстың өзі өлтірілді. Тек 1528 жылы V Джеймс Эдинбургтан анасының көмегімен қаша алды. Патша туының астына тез арада шотланд ақсүйектері жиналып, Ангусты елден қуды.

Ішкі саясат

Билік етудің басындағы қаржылық жағдай

Мемлекеттің қаржылық жағдайы V Джеймстің 1528 жылы тәуелсіз билігінің басталуы кезінде өте қайғылы болды: Олбани герцогының Францияға сапар шегуі және салтанатты сарай ұстауы, Ангус графының тиімсіз басқаруы және патшадік иелік жерлерінен түсетін салықтарды жинау жүйесін тәртіпсіздік туғызу қазынаны толығымен тонады. Шотландиядағы V Джеймстің басқармасында барлығының орталық сұрағы бюджетті толықтыру мәселесі болды. Өзінің алдындағы ізашарлардан ақша мәселелерінде мұқият болуымен ерекшеленетін патша кем дегенде үш жаңа негізгі табыс көзін тапты: болуы мүмкін жұбайының жасауы, шіркеудің байлығы мен тәркілеу.

Шіркеу саясаты

Олбани герцогының делдалдылығының арқасында және патшадің Екатерина Медичимен некенің болмауына байланысты өтемақы ретінде Папа VII Климент шотландиялық дінбасылардан жылдық салық 10 мың фунт стерлинг алу құқығын берді. Осы салықтан түскен қаражат жаңа Жоғарғы Сот палатасын құру үшін қолданылуы тиіс еді. Сот ісін жүргізу палатасы шын мәнінде 1540 жылы қайта құрылды, бірақ патшадік қызметкерлермен дінбасылардан алынатын салықтың басым бөлігі қазынаға түсіп отырды.

V Джеймстің билік еткен кезінде протестанттық оқыту Шотландияға ене бастайды. Шотландия шіркеуінің байлығын пайдалануға мүмкіндік беретін Риммен жақсы қарым-қатынасты сақтау мақсатында, V Джеймс протестанттарды белсенді түрде қуа бастады. Шотландияда инквизиция оты жанды. V Джеймс кезінде өртелген ең танымал протестант Мартин Лютердің шәкірті Патрик Гамильтон болды. Сол мезетте, патша V Джеймс кемшіліктерді жою немесе католик шіркеуінің беделін көтеру үшін шара қолданғаны туралы ешқандай дәлелдер жоқ. Керісінше, шіркеудің патшалық билікке бағындыруы оның кірістерін тартып, лауазымдарды таратуға жұмсалды. V Джеймстің алты заңсыз балаларына шотландтық ең бай аббаттық берілді.

«Кедейлердің патшасы»

V Джеймстің ақсүйектерге қатынасы шотланд патшаларына тән емес қатаңдығымен ерекшеленді, кейде өшпенділікке де барды. Патшадің кәмелет жаста болғанда, Ангус графы билеген уақытпен байланысы бар барлық адамдар сотталды немесе жазаланды. V Джеймс шекаралас аймақтардың бүлікші барондарға қарсы бірнеше рет жазалаушы экспедициялар жүргізді. Патша Шотландияның таулы аймағында тәуелді дәстүрлі саяси тірегіне Аргайл мен Хантли графтарына қарсы кельттік рулардың басшыларымен жақындасты. Патша Аргайл графы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыпталып, елдің батыс аймақтарының әкімшілігін басқаруға қатысудан шеттетілді. 1540 жылы V Джеймс Оркней мен Гебрид аралдарына бара отырып, кельттік басшылар мен тұтқынға түскендердің антын алды.

Басқа жағынан, патша Шотландиядағы құқық тәртібі мен қауіпсіздік мәселелеріне белсене айналысты. Сот жүйесінің тиімділігі күрт өсті. Дегенмен, осы салада патшадік айрықша құқықты теріс пайдаланылды: патшаге қарсы астыртын әрекет күдіктері өліммен және мүлкін тәркілеумен жазаланды. Қазынаның кірістерін кез-келген тәсілмен ұлғайтуға деген ұмтылысы жерлерін тәркілеу қаупіне ұшыраған ақсүйектер, контрибуция шығындарын төлеуге алып келді,сондай-ақ патшалық кешірім жасаудың жаппай сатылуы.

Мұның бәрі шотланд ақсүйектерінің наразылығына әкелді. 1532 жылдан кейін өкілдер патшадік кеңеске және басқа да билік органдарына қатысуларын қоя бастады. V Джеймстің патшалық билігінің соңында патшаның айналасы көбінесе дінбасылар мен кішігірім жер иелердің өкілдерінен тұрды. Оның шаруалар мен жетесіз азаматтардың мұқтаждықтары үшін ерекше алаңдаушылығының арқасында V Джеймс «кедейлердің патшасы» деген лақап ат алды.

Қазынаның жағдайы және патшаның шығындары

Тәркілеу, өтемақы және жер учаскелерін көтеру практикасы нәтижесінде патша билігінің аяғында мемлекет мүлігінің кірістері 3 есеге артты. Сот төрелігін жүзеге асырудан түскен табыстар күрт өсті. Патшадің екі некесінен қазынаға 200 мыңнан астам ливр, сондай-ақ көптеген әшекейлер әкелді. Шіркеудің байлығын пайдалану арқылы үлкен сомалар жинақталды (дін қызметкерлеріне салық төлеу, лауазымдарды бөлу).

Сонымен қатар, V Джеймс сарай құрылысы бойынша үлкен бағдарламаны іске қосты: оның билігі кезінде Мария де Гиз Франция сарайларынан кем түспейді деп есептеген Стерлинг, Фолкленд, Линлитгоудағы патшадік сарайлары салынды. Сондай-ақ, патша бай емес Шотландия үшін зор сарайы болды, қымбатты және зергерлік бұйымдарды белсенді түрде сатып алды. Қатаң ішкі саясатты жалғасуы кезінде патшадің бұрын-соңды болмаған шығындары, шотланд ақсүйектерінің қанағаттанбауына және оның иелігіндегі қауіпсіздігі туралы белгісіздікке себеп болды. Мұның бәрі ішкі күрделі дағдарыстың туындауына әкеліп соқтырды, бұл патшаның сыртқы саясатымен тереңдей түсті.

Сыртқы саясаты

Неке туралы мәселе

V Джеймс өзінің билік ету мерзімі бойы қаржылық және саяси тұрғыдан тиімді қалыңдықты іздеді. 1527–1531 жылдары Рим папасы VII Клементпен Джеймсті Екатерина Медичиге үйленуі туралы келіссөздер жүргізілді. Дания патшасының қызы мен Венгрия патшасынің жесірімен некеге тұрудың мүмкіндіктері қарастырылды. Кейінірек, патша Францияны әулеттік одақ құру туралы қажеттілігіне сендірді және 1537 жылғы 1 қаңтарда Джеймс француз патшасы І Франсуаның қызы Мадлен де Валуаға үйленді. Ол патшаның қазынасына 100 мың ливраны алып, тойдан кейін бірнеше ай өткен соң қайтыс болды. Патшадің жаңа келіні Гиз герцогы Лотариндық Клодтың қызы Мария де Гиз болды. 1538 жылғы 10 мамырда Мария Шотландияға келді, көп ұзамай оның үйлену рәсімі өтті. Патшаның екінші некесі тағы да 150 мың ливр әкелді.

Англиямен қақтығыс және патшадің өлімі

Ангус графының ағылшынфилдық партиясынан жасынан зардап шеккен V Джеймс, өзінің билігі кезінде Англияға деген дұшпандығын сақтады. Алғашында ағылшын-француз бітімі күшінде болып тұрған кезде, бұл қастандық жүзеге аспады, тіпті королдің және VIII Генринің үлкен қызы Мариямен болуы мүмкін неке туралы келіссөздер жүргізілді. Алайда, VIII Генринің Рим папасымен үзілісі, Англиядағы католиктерді қатыгездікпен қудалау және 1530 жылдардың аяғында V Джеймстің Франциямен әулеттік одағы ағылшын-шотландық қарым-қатынастарды күрт шиеленістірді.

1541 жылғы қыркүйекте Англия патшасынің ұсынысы бойынша Йоркте екі британдық мемлекеттердің патшалары арасында кездесу ұйымдастырылды. Алайда, V Джеймс өзін тұтқындаудан қорқып, келіссөзге келуден бас тартты, бұл жайт VIII Генринің ызасына қатты тиді. Ағылшындық қарулы күштерді жұмылдыру туралы жарияланды, 1542 жылғы тамызда ағылшын əскері Шотландияға басып кірді, бірақ Хаддон-Рига түбіндегі шайқаста Хантли графы оларды талқандады. V Джеймс шотланд жасағын шақырды, бірақ королдің ішкі саясатына қанағаттанбаған шотланд ақсүйектерінің көпшілігі оған қатысудан бас тартты. Ашуланған патша Хантлиді бас қолбасшылықтан босатып, 20 мыңға жуық армияны жинап, ағылшын шекарасына қарай беттеді. 1542 жылғы 24 қарашада патшаның фавориты Оливер Синклэр бастаған шағын шотландтық отряд Солуэй-Моссе түбінде жеңілді. Шотландықтарда қаза тапқандардың саны азғантай болғанымен, жеңіліс жаппай әскери қызметтен қашу мен кейбір барондардың ағылшындардың жағына өтуіне себеп болды. Көңілі қалған, жалғыз қалған патша Фолкленд сарайына қайтып, онда 1542 жылғы 14 желтоқсанда қайтыс болды.

Неке мен балалары

  • (1537) Мадлен де Валуа, Франция патшасы І Франсуаның қызы.
  • (1538) Мария де Гиз, Гиз герцогы Лотариндық Клодтың қызы.
    Джеймс Стюарт (1540—1541)
    I Мария Стюарт, Шотландия королевасы

V Джеймстің кемінде жеті некесіз туған балалар болған, оның ішінде ең танымалы Морей графы Джеймс Стюарт, және Колдингем приоры Джон Стюарт. Роберт Стюарт тағы бір некесіз туған ұлы.

Жоғары