| Қабыш Сиранов | |
| Туған күні | 11 ақпан 1914 |
|---|---|
| Туған жері | қазіргі Белағаш, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы, Ресей империясы |
| Қайтыс болған күні | 19 қараша 1976 (62 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақ КСР, КСРО |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | қазақ |
| Қызметі | сценарийші, тарихшы |
Қабыш Сиранов (11 ақпан 1914, казіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы - 19 қараша 1976, Алматы) — кино тарихшысы, өнертану ғылымының кандидаты (1964).
Өмірбаяны
1942 ж. Бүкілодақтық кинематография интитутының киносценарий бөлімін бітірген.
"Лениншіл жас" (казіргі "Жас алаш") газеті редакциясында, 1940 - 1942 ж. КСРО Халкомсовы ведомствосында, 1942 - 1946 ж. Орт. біріккен киностудияда, 1954 - 60 ж. "Қазақфильм" киностудиясында сценарийші.
1961 - 1976 ж. Әдебиет және өнер институтындағы театр және кино бөлімінде ғылым қызметкер болып еңбек етті.
Еңбектері мен шығармашылығы
Сиранов қазақ кино өнері тарихының мәселелерін зерттеумен айналыскан алғашкы кинотанушы. "Ақ гүл" (1943. В.Г. Морозовпен бірге), "Өмір жолы" (1960, Д.Тарасовпен бірге) көркем фильмдерінің; "Домбыра үні" (1944, С.А. Тимошенкомен бірге), "Алматы" (1945), "Тыңдағы кеңшарлар" (1956) және "Кенен Әзірбаев" (1974), т.б. деректі фильмдердің сценарийін жазды.
Марапаттары
"Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 11 ақпанда туғандар
- 1914 жылы туғандар
- Баянауыл ауданында туғандар
- 19 қарашада қайтыс болғандар
- 1976 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша сценарийшілер
- КСРО сценарийшілері
- Қазақстан сценарийшілері