Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қазақ-қарақалпақ қатынастары (XV—XVIII ғ.) — екі халық арасындағы экономикалық, шаруашылық және саяси байланыстары.

Қазақ-қарақалпақ қатынастары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қазақ-қарақалпақ қатынастары
Қазақстан және Қарақалпақстан

Қазақстан

Қарақалпақстан

Қазақ-қарақалпақ қатынастары (XV—XVIII ғ.) — екі халық арасындағы экономикалық, шаруашылық және саяси байланыстары.

Тарихы

Қазақ хандығында

XV—XVI ғасырларда қарақалпақтар Ноғай Ордасының құрамында болды. XVI ғасырдың соңына жататын тарихи деректерге қарағанда, қарақалпақтар Сырдария бойындағы Сығанақ қаласының төңірегін мекендеген қазақтармен көршілес қоныстанып, олармен тығыз экономикалық байланыста болған.

1603 жылы өзін Шайбани әулетінің өкілі ретінде таныстырған Әбд әл-Ғаффардың басшылығымен қарақалпақтар көтерілісі бұрқ ете түсті. Көтерілістің алғашқы кезеңінде көтерілісшілер Сырдария бойындағы қалалар орналасқан өңірдің бір бөлігін басып алды. Алайда 1605 жылдың көктемінде қазақ әскерінің күтпеген шабуылынан көтерілісшілер жеңіліске ұшырады.

XVII ғасырдың басында Бұхара ханы Имамқұл (1611—1642) Сырдария жағалауына жорық жасады. Оған қарсы қазақтар мен қарақалпақтар күш біріктіріп, бірге күрес жүргізді. Қарақалпақтардың қазақ хандарының әскерлері құрамында жоңғарларға қарсы соғыстарға қатысқаны да белгілі. Тәуке ханның билігі тұсында қарақалпақтар Қазақ хандығына бағынышты болды. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында қарақалпақтар қазақтармен бірге Бұхара және Хиуа хандықтарының шекарасына қарай көшті. Кейін қарақалпақтар: «төменгі» және «жоғарғы» қарақалпақтар болып екіге бөлінді. Жоғарғы қарақалпақтар Сырдарияның жоғарғы ағысына көтеріліп, Ташкент бағытына қарай қоныс аударды. Ал төменгі қарақалпақтар Әбілқайыр ханға бағынғаннан кейін Сырдарияның төменгі ағысына қоныстанды.

1731 жылы Кіші жүз қазақтарымен бірге Ресей империясының бодандығын қабылдады.

1743 жылы қарақалпақтар Әбілқайыр ханға салық пен алым төлеуден бас тартты. Осыдан кейін қазақ ханы оларға қарсы жорық жасап, шамамен 40 мың бас малды айдап әкетті. Бұдан соң олардың бір бөлігі «жоғарғы» қарақалпақтарға қарай қоныс аударса, қалғандары Хиуа хандығының шекарасына қоныстанды.

XIX ғасырдың екінші жартысында олар Хиуа ханына бағынып, Сырдарияның төменгі сағасына түпкілікті қоныстанды.

КСРО және қазіргі уақыты

1925—1930 жылдары Қарақалпақ автономиялы облысы Қазақ АСКР-інің құрамында болды.

Қарақалпақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында өңірлік, сауда-экономикалық және мәдени байланыстар дамып келеді.

Өткізу орынжайлары

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу орынжайларының жұмыс тәртібі 2001 жылғы 16 қарашадағы келісіммен және оған қосымша хаттамалармен реттеледі.

Орналасқан жері Өткізу орынжайларының атауыОрналасқан жері Статус Жұмыс режимі Шекараның қиылысу нүктесі
 Қазақстан  Өзбекстан
Теміржол
Маңғыстау облысыОазисҚарақалпақстанҚарақалпақстан РеспубликасыКөпжақтыТәулік бойы44°52′52″ с. е. 55°59′56″ ш. б. / 44.88110° с. е. 55.99891° ш. б. / 44.88110; 55.99891 (G) (O) (Я)
Автомобильные
Маңғыстау облысыТәженДәуіт атаҚарақалпақстан РеспубликасыКөпжақтыТәулік бойы44°53′42″ с. е. 55°59′56″ ш. б. / 44.89490° с. е. 55.99889° ш. б. / 44.89490; 55.99889 (G) (O) (Я)

Тағы қараңыз

Жоғары