Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

"Қазақ" газеті (قازاق) — 1918 – 1913 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан

Қазақ газеті

  • Басты бет
  • Қазақ газеті

"Қазақ" газеті (قازاق) — 1918 – 1913 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан.

Қазақ газеті
«Қазақ» газетінің 1913 жылғы 22 наурыздағы 7 -саны.
«Қазақ» газетінің 1913 жылғы 22 наурыздағы 7 -саны.
Түрі

Қоғамдық-саяси, әдеби.

Форматы

кітапша

Баспашы

«Азамат» серіктестігі

Редакторы

Ахмет Байтұрсынұлы

Құрылған жылы

2 ақпан 1913 жыл

Басылымның тоқтатылуы

26 қыркүйек 1918 жыл

Тілі

Қазақ тілі

Бас кеңсесі

Орынбор

1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы — «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл — қазақ ұлты деген ұғымды берді.

Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, "Қазақ" газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды.

1913 жылы 2 ақпаннан бастап «Каримов, Хусаиновтар баспаханасынан» шығып тұрған басылымның неліктен «Қазақ» аталғанына тоқталайық. Бұл туралы алаштанушы-ғалым М.Қойгелдиев: «Қазақ» газеті, белгілі дәрежеде, сол кезеңдегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткерлері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов және М. Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді», - деп объективті бағасын берді .

Басылымның «Қазақ» аталуында екі түрлі мағына барлығы аңғарылады. Біріншіден, газет жалпыұлттық газет болғандықтан, мақсаты жері бөлшектеніп, елі бытырап жүрген қазақ халқын топтастырып, бір ортаға біріктіру болғандықтан да ұлт атын иемденіп «Қазақ» аталды. Екіншіден, кітәби, әдеби, ғылыми айналымда қазақ атының өз аты аталмай, қырғыз аталып келгендігі белгілі, сондықтан, туған халқының төл атын қайта оралту мақсатында, қазақ зиялылары өз баспасөзін осылай атауды мақұл көрген. Ахмет Байтұрсыновтың бұл жайында: «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетамыздың есімін «Қазақ» қойдық» - дейді . Осыдан аңғаратынымыздай, ұлт зиялалары газетті шығаруда ұлттың мүддесін басты орынға қойды. Бұл азаттық қозғалыстың ХХ ғасырдағы өркениетті түрі болатын.

«Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы — Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды.

XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты .

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 12, 2026

    Қожа

  • Сәуір 04, 2026

    Түрік шежіресі

  • Наурыз 18, 2026

    Зар Заман ақындары

  • Наурыз 21, 2026

    Еуропа одағы

  • Сәуір 03, 2026

    Арканзас (штат)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары