Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бірнеше сауалнама бойынша, Қазақстан халқының көпшілігі, көбіне этникалық қазақтар, өзін суннит мұсылмандар деп есептейді. 2020 жылы шиит мұсылмандар жалпы халы

Қазақстандағы дін

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алматы орталық мешіті бейнеленген пошта маркасы, 2003. Ислам — Қазақстан халқының ең көп ұстанатын діні.

Бірнеше сауалнама бойынша, Қазақстан халқының көпшілігі, көбіне этникалық қазақтар, өзін суннит мұсылмандар деп есептейді. 2020 жылы шиит мұсылмандар жалпы халықтың 0.55% құрады.

Пью зерттеу орталығының шамалап бағалауынша, елдегі халықтың 75% Ислам дінін ұстанады. Есептеуі бойынша, халықтың қалған 14% христиан, 4% дінсіз және 0.9% өзге дін, көбіне буддизм, я паганизмді ұстанады.

Жалпы елде 2023 жылғы санақ бойынша 2,752 мешіт бар және олардың барлығы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына бағынады және оған елдің бас мүфтиі басшылық етеді.Құрбан айт елде ұлттық мереке ретінде тойланады.

2020 жылы халықтың 20%-ы православиелік христиандар болды, оның ішінде дәстүрлі түрде көбіне этникалық орыстар, украиндар және беларустар бар. 2011 жылы елдегі басқа христиан топтарына католиктер мен протестанттар (баптистер, пресвитериандар, лютерандар, елуліктер, методистер, меннониттер және жетінші күн адвентистері), соның ішінде Иегова куәгерлері және Соңғы күн әулиелерінің Иса Мәсіх шіркеуі сияқты реставрациялық христиан діндері кірді. 2011 жылы барлығы 175 православиелік шіркеулердің, 53 католиктік шіркеулердің және 343 протестанттық шіркеулердің мен жалыныш үйлерінің тіркелгені белгілі болды; басқа тіркелген діни топтарға иудаизм, баһаи, индуизм, буддизм кірді. 2011 жылы саентология, бірігу шіркеуі, бірнеше сопылық ұйымдар және ахмадия қауымы бұл діндер арасында тіркеле алмай қалды.

Православиеде Юлиан күнтізбесі арқылы тойланатын Рождество да Қазақстанда ұлттық мереке мәртебесіне ие.

Үкімет бірнеше дінді «дәстүрлі» деп санайды, соның ішінде ханафилік суннит исламы, орыс православие шіркеуі, грек және римдік католицизм, лютерандық және иудаизм; елдің кейбір бөліктері «дәстүрлі емес» азшылық діни топтардың өкілдерінен сақ болуы мүмкін.

2022 жылы президент Тоқаев елді «зайырлы және толеранттық мемлекет» деді де, үкіметтің «радикалды қозғалыстар мен діни сепаратизмнің байқаусыз қалмайтынын» айтып кетті.

Дін тарихы

Қазақстан тарихи түрде әртүрлі дінді ұстанатын алуан түрлі этностарды қабылдаған. КСРО ыдырағаннан кейін тәуелсіз республиканың құрылуы халық өмірінің барлық салаларында үлкен өзгерістерге әкелді. Кез келген мәдени бірегейліктің маңызды бөлігі ретінде халықтың діндарлығы да қарқынды өзгерістерге ұшырады.

2017 жылғы мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда баптист шіркеулеріне жиі рейд жасалады делінетін. Бұл шіркеу мүшелерінің тіркелмей жиналу себебінен орын алады. Тіркелмеген адам полицияның рейдіне түсу қаупі бар. Сол жылы Иегова куәгерлеріне жасалған қысым бойынша да хабар айтылды; сол жылғы мамырда сол тіркелмеген дін өкілі Тимур Ахметовтің қамалға алынуы хабарланды.

Діндер

Қазақстанның дін істері агенттігі деректері бойынша елде 17 конфессия, 3088 діни бірлестік тіркелген.

Ислам

Толық мақаласы: Қазақстандағы ислам

Ислам — Қазақстандағы ең ірі дін; ол бұл аймаққа VII–VIII ғасырда арабтардан келген еді. Этникалық қазақтар көбіне сунниттер және өзін ханафи мазһабына жатқызады.

Елдің оңтүстігінде мұсылман халқының ең діншілі тұрады, бірақ ол облыстарда да басқа дін өкілдері де бар.

Христиандық

Толық мақаласы: Қазақстандағы христиан діні
Алматыдағы Вознесенск кафедралы шіркеуі

Христиандық — Қазақстандағы Исламнан кейінгі екінші ең ірі дін. Христиан қазақстандықтардың көпшілігі — Орыс православ шіркеуіне тікелей бағынатын этникалық орыстар, украиндар, беларустар және басқа этнос өкілдері.

2021 жылғы халық санағы Қазақстанның 17,19% христиан екенін атап өтті. Басқа мәліметтерге сәйкес, халықтың 24% православие, 1% протестанттық немесе католик және қалған 1% басқа христиандық конфессияларға жатады.

2009 жылы христиандық топтар қатарына лютерандар, пресвитериандар, методистер, жетінші күн адвентистері, елуліктер, баптистер, меннониттер, мормондар жатты.

Баһаи діні

Қазақстандағы баһаи діні бұрынғы Кеңес Одағында дінді басып-жаншу саясаты кезінде басталды. Осы уақытқа дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі ретінде 1847 жылы баһаи дінімен жанама байланыста болған еді. Баһаи пионерлері кіргеннен кейін қауымдастық ұлттың бірнеше пайызы ғана болса да, ислам мен христиан дінінен кейінгі ең үлкен діни қауымдастыққа айналды. 1994 жылға қарай Қазақстанның Ұлттық рухани ассамблеясы сайланды да, қоғам өзінің күш-жігерін әртүрлі мүдделер бойынша көбейте бастады. Дін деректері мұрағаттарының қауымдастығы (Дүниежүзілік христиан энциклопедиясына сүйене отырып) 2010 жылы 7000-ға жуық баһаилердің бар болғанын есептеді.

Иудаизм

Толық мақалалары: Қазақстандағы иудаизм және Қазақстандағы еврейлер
Қазақстандық пошта маркасында бейнеленген Алматыдағы Хабад-Любавич синагогасы, 2006

Қазақстандық еврейлерінің ұзақ тарихы бар. Қазақстанда шамамен 2,500–3,300 еврей бар, бұл халықтың 1% азы. Қазақстандық еврейлерінің көпшілігі ашкеназдар және орысша сөйлейді.

Буддизм

Буддизм Қазақстанда XVII ғасырдан бері бар, бұған ғалымдар қазба жұмыстары кезінде тапқан ежелгі пагодалар мен храмдар дәлел. Қазіргі уақытта Қазақстанда ресми түрде тіркелген екі ғана буддистік ұйым бар, бірі Кореядан шыққан вон-буддизміне, екіншісі тибет буддизміне жатады.

2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 14,663 буддист болған. Сондай-ақ, Қазақстан 2021 жылғы жалпы халық санағының қорытындысы бойынша елде шамамен 15,458 буддист бар.

Индуизм

Қазақстандағы индуистердің көбісі — Кришна есі халықаралық қоғамының, не Үндістаннан келген диаспораның мүшелері. 2010 жылы Қазақстанда шамамен 801 индус болған.

Тәңіршілдік

Толық мақаласы: Тәңіршілдік

Тәңіршілдік — шаманизм, анимизм, тотемизм, поли- және монотеизм және ата-бабаларға табынумен сипатталатын Орталық Азия діні. Бұл түркілердің, моңғолдардың, мажарлардың, ғұндардың басым діні және ежелгі бес түрік мемлекетінің: Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Ұлы Бұлғария, Бірінші Болгар патшалығы және Хазария діні болды. Ырық бітікте Тәңір Türük Tängrisi (түркілердің құдайы) деп аталады.

Тәңіршілер өздерінің тіршілігін мәңгілік көк аспан (Тәңір), құнарлы жер-ана рухы (Ұмай) және аспанның киелі рухы деп саналатын билеушісі деп санайды. Аспан, жер, табиғат пен ата-бабалардың рухтары барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етеді және барлық адамдарды қорғайды. Солтүстік Кавказдың ғұндары екі құдайға сенген: Парсы Исфандиярымен бірдей саналатын және жылқылар құрбандыққа шалынатын Тәңір Хан және Куар (құрбандары найзағай соққан). Тәңіршілдік Қазақстан, Саха, Бурятия, Тыва және Моңғолияда тибеттік буддизм және бурханизммен қатар қолданылады.

Дін ұстану еркіндігі және дінге толеранттық

Қазақстанда өте алуан түрлі діни орта бар. Дегенмен, кейде хабарланған Харе Кришналар мен Иегова куәгерлерін қудалау істері халықаралық қоғамдастықтың алаңдаушылығын тудырды.

Қазақстан Конституциясының 22-бабында «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» делінген. 2011 жылғы 18 мамырда президенттің жарлығымен Дін істері агенттігі құрылды. Оның басты мақсаты Қазақстанның әр саласындағы дінаралық бейбітшілікті сақтау және діни ұйымдар арасындағы байланысты қамтамасыз ету болды.

2023 жылы ел діни ұстану еркіндігі бойынша 4 ұпайдың 1 ғана қол жеткізді.

Аймақ бойынша дін

2021 жылғы санақ бойынша:

Облысы Ислам Христиандық Басқалары Атеизм Жауап
бермеген
#% #% #% #% #%
Барлығы 13,297,77569.31 3,297,55017.19 45,8970.24 432,1402.25 2,112,65311.01
Ақмола облысы 362,07046.24 287,61936.73 1,4810.19 14,5781.86 117,24714.97
Ақтөбе облысы 760,92483.97 88,9689.82 1,7880.20 15,2981.69 39,2424.33
Алматы 1,172,83857.77 353,47717.41 11,5010.56 87,6224.32 404,84719.94
Алматы облысы 1,482,67369.07 213,7919.96 5,3400.25 28,0451.31 416,72719.41
Астана 968,44578.48 135,65610.99 3,6860.30 28,4742.31 97,7817.92
Атырау облысы 563,5383.66 29,5134.38 8700.13 6,3950.95 73,28410.88
Шығыс Қазақстан облысы 846,45763.11 447,76433.38 2,9840.22 28,1082.10 15,9791.19
Жамбыл облысы 1,009,25784.16 90,2757.53 2,0450.17 14,4031.20 83,2796.94
Қарағанды облысы 701,01351.99 441,80632.76 5,9880.44 50,6713.76 148,99011.05
Қостанай облысы 308,02436.95 366,88044.01 1,2440.28 40,3434.84 116,06413.92
Қызылорда облысы 784,05196.21 14,4651.77 6660.09 2,7220.33 13,0271.60
Маңғыстау облысы 508,70169.21 30,9674.18 9070.16 32,1914.38 162,24222.07
Павлодар облысы 431,88557.07 286,29837.83 1,8070.24 16,5082.18 20,2572.68
Солтүстік Қазақстан облысы 209,39738.72 298,28855.16 1,1430.21 10,0351.86 21,9234.05
Түркістан облысы 1,897,48592.38 32,3411.57 7920.05 5,0090.24 118,3945.76
Батыс Қазақстан облысы 529,96178.44 106,73215.80 1,3420.19 11,1471.65 26,4733.92

Этнос бойынша дін

2009 жылғы санақ бойынша:

Этнос Ислам Христиандық Иудаизм Буддизм Басқалары Атеизм Жауап
бермеген
Барлығы 70.20 40.32 0.03 0.09 0.02 30.82 0.51
Қазақтар 99.80 0.9 0.02 0.01 0.02 0.01 0.04
Орыстар 0.43 92.64 0.04 0.02 0.03 6.09 0.75
Өзбектер 99.05 0.39 0.01 0.01 0.02 0.37 0.16
Украиндар 0.94 90.74 0.03 0.01 0.02 7.31 0.94
Ұйғырлар 98.35 0.51 0.02 0.01 0.03 0.61 0.47
Татарлар 79.57 10.24 0.02 0.03 0.06 8.11 1.97
Немістер 0.58 81.59 0.05 0.04 0.11 13.96 2.68
Корейлер 1.24 49.35 0.21 11.40 0.14 28.51 5.16
Түріктер 99.13 0.30 0.01 0.01 0.02 0.33 0.21
Әзербайжандар 94.81 2.51 0.02 0.02 0.03 1.86 0.76
Беларустар 0.79 90.16 0.04 0.01 0.03 7.82 1.15
Дүнгендер 98.93 0.37 0.01 0.03 0.04 0.34 0.28
Күрдтер 98.28 0.53 0.03 0.02 0.02 0.74 0.38
Тәжіктер 97.78 0.91 0.01 0.02 0.08 0.85 0.35
Поляктар 0.69 90.07 0.04 0.01 0.13 7.30 1.76
Шешендер 93.69 2.99 0.02 0.01 0.05 2.08 1.16
Қырғыздар 96.67 0.89 0.03 0.03 0.02 1.51 0.86
Басқалары 34.69 52.32 0.82 0.91 0.13 8.44 2.69
Жоғары