| Қайрат Сатыбалдыұлы | |
| Туған кездегі есімі | Қайрат Сатыбалдыұлы Назарбаев |
|---|---|
| Туған күні | 16 мамыр 1970 (56 жас) |
| Туған жері | Алматы |
| Азаматтығы |
|
| Білімі | 1. Алматы жоғары жалпыәскерлік қолбасшылық мектебі (1990) |
| Әкесі | Сатыбалды Әбішұлы Назарбаев (1947-1981) |
| Анасы | Светлана Мырзахметқызы Назарбаева (1947-2024) |
| Жұбайы | 1. Гүлмира Қауасқызы Сатыбалды (ажырасқан) |
| Балалары | 1-некеден |
| Отбасы | Назарбаевтар әулеті |
| Марапаттары мен сыйлықтары | |
Қайрат Сатыбалдыұлы (кейде Сатыбалды; 16 мамыр 1970, Алматы) — қазақстандық кәсіпкер, Нұр Отан партиясының хатшысы (2010–2015). Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі. 2022 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 2024 жылы сот жазасын жеңілдетіп, 3 жылға бас бостандығынан шектеуге ауыстырды.
Өмірбаяны
1970 жылы 16 мамырда қазіргі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды мен Светлана Назарбаевтардың отбасында дүниеге келді. Ұлы жүздің Шапырашты руынан шыққан.
Білімі
1990 жылы Алматы жоғары жалпыәскерлік қолбасшылық мектебін (қазіргі Құрлық әскерлерінің әскери институты) тәмамдап, 1993 жылы Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің жоғарғы курстарын өтті. 1998 жылы Алматы мемлекеттік университетін, 2002 жылы Еуразия ұлттық университеті мен Атырау мұнай және газ университетін аяқтады.
Қызмет жолы
- 1990–1991 — КСРО Қарулы Күштері қатарында офицерлік лауазымдарда қызмет;
- 1991–1998 — Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарындағы офицерлік лауазымдарда қызмет;
- 1998–2000 — Астана қаласы әкімінің орынбасары;
- 2000–2003 — Kazakh Oil (қазіргі ҚазМұнайГаз) вице-президенті;
- 2003–2005 — Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарындағы офицерлік лауазымдарда қызмет;
- 2005–2006 — Қазақстан темір жолы компаниясының бірінші вице-президент;
- 2006–2010 — «Дүние Корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
- 2010–2015 — Нұр Отан партиясының хатшысы;
- 2016 — Alatau Capital Invest басқарушы серіктесі.
Үкімі, қылмыс
2022 жылы 13 наурызда Алматыда Қазақстан тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалдыұлы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны және Қазақтелекомнан ақша жымқырғаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 12 сәуірде Сатыбалдыұлына тиесілі Alatau Capital Investments және Skyline Investment Company S.A. компанияларының бақылауында болған Қазақтелекомның 28% акциясы мемлекетке қайтарылды. 24 тамызда Сатыбалдыұлы жөніндегі тергеу аяқталғаны белгілі болды.
2022 жылы 20 қыркүйекте Сатыбалдыұлының сот процесі басталып, 26 қыркүйекте “алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік зиян келтіру” және “заңсыз иемдену немесе жымқыру, яғни бөтеннің кінәліге сеніп тапсырылған мүлкін ұрлау” айыптары бойынша Қазақтелеком АҚ пен “Көліктік сервис орталығы” АҚ үлкен көлемде ақша жымқырғаны үшін мемлекеттік қызметте 10 жыл лауазым иелену құқығы мен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
2024 жылы 10 қаңтарда Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сатыбалдыұлының мемлекетке 650 млрд теңге қайтарғаны және ол туралы тағы бір істің тергелетінін мәлімдеді. 1 сәуірде Астанада Сатыбалдыұлына қатысты онлайн сот басталды. Сот процесі Қазақстан Қылмыстық Кодексінің 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы, яғни “қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)” айыбымен жүрді. Сатыбалдыұлы өз еркімен өзінің көптеген активтерін мемлекетке қайтарғандықтан 16 тамыз күні сот ол туралы үкімді жеңілдетіп, 3 жыл 3 ай 7 күнге бас бостандығын шектеді.
Отбасы
- Әкесі — Сатыбалды Әбішұлы Назарбаев (1947—1981) — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі. Жол апатынан 34 жасында қайтыс болды.
- Анасы — Светлана Мырзахметқызы Назарбаева (1947, Лепсі, Алматы облысы—2024) — мұғалім, филолог, педагогика ғылымдарының кандидаты. “Дәуір” республикалық полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры және “Интердизайн-АС” ЖШС құрылтайшыларының бірі болған. Сондай-ақ "Аружан" ЖК, “Баспа Сервис” ЖШС және Дубайдағы SHAMS-4 тұрғын үй кешеніндегі үйге иелік еткен.
- Әйелі
- 1-неке (2005 жылы ажырасқан): Гүлмира Қауасқызы Сатыбалды – Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы дипломатиялық өкілдікте 2009–2015 жылдары жұмыс істеді. 2024 жылы “бопсалау, озбырлық жасау және заңсыз бас бостандығынан айырды” деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
- Бұл некеден:
- ұлы – Бауыржан Нұрсұлтан (1990 ж.т.)
- қызы – Аружан Сатыбалды (1999 ж.т.). Күйеуі (некеде 2018–) – Әміржан елдегі ықпалды кәсіпкерлердің бірі Серікжан Сейтжановтың немересі
- қызы – Дәрия Сатыбалды (2002 ж.т.). Күйеуі (некеде 2022–) – Рашид Түсіпбековтың немересі Жәңгір Түсіпбеков.
- Өзге некесі:
- Марсела Александровна Нұрсұлтан (тумысында – Александрова, бұрын – Мартиросян; 1987 ж.т.) – 2019 жылы Mercedes GLA 250 мен Toyota Corolla көліктері сатып алғаны белгілі.Мәскеуде қымбат үйлер сатып алғанымен 2024 жылы одан тәркіленді.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 16 мамырда туғандар
- 1970 жылы туғандар
- Құрмет орденінің (Қазақстан) иегерлері
- Астана медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан кәсіпкерлері
- Еуразия ұлттық университеті түлектері
- Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері
