Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Қайырғали Смағұлов (5.9. 1919, Атырау қаласы - 23.10.1993, сонда) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, қазақ. Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақы

Қайырғали Смағұлов

  • Басты бет
  • Қайырғали Смағұлов

Қайырғали Смағұлов (5.9. 1919, Атырау қаласы - 23.10.1993, сонда) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, қазақ. Кеңес әскері қатарына 1939 жылы шақырылған. 1941 жылдың маусымынан Солтүстік Кавказ майданы 18-армия 318-атқыштар дивизиясы 1339-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Оның айрықша қайсарлығы, әсіресе, Керчь түбегіндегі ұрыста байқалды. Десантшы жауынгерлерден құрылған 20 сарбаз 44 күн бойы жау қыспағына төтеп берген. Смағұлов жеке өзі Елтиген (Қырым түбегі) қыстағы үшін болған ұрыста жаудың 20-ға жуық әскерін жойған. Смағұловқа батылдығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (17.11.1943). 1946 жылы запасқа шықты. 1950 жылы Алматыдағы партия мектебі жанындағы курсты бітірген. 1955 жылы №12 кәсіптік-техникалық училищесінің директоры қызметін атқарған.

Қайырғали Смағұлов
Туған күні

5 қыркүйек 1919 (1919-09-05)

Туған жері

Қайыршақты, Атырау облысы

Қайтыс болған күні

23 қазан 1993 (1993-10-23) (74 жас)

Қайтыс болған жері

Атырау, Қазақстан

Мемлекет

КСРО

Қызмет еткен жылдары

1939—1946

Атағы

кіші лейтенант

Әскери бөлімі

1339-шы атқыш полк
318-ші атқыш дивизия

Шайқасы

Ұлы Отан соғысы

Марапаттары
Кеңес Одағының Батыры
Ленин ордені — 1944 I дәрежелі Отан соғысы ордені— 1944 Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалі
1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін медалі

Соғыстан кейінгі жылдары аймақтың әлеуметтік қамсыздандыру жұмыстарына басшылық жасады. 1963-1973 жылдар аралығында Атырау университетінде Азаматтық қорғаныс кафедрасында еңбек етті.

Теңдік атындағы (Атырау қалалық әкімдігі аумағында) орта мектепке Смағұловтың есімі берілген. Ленин, l-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

Батырдың өмірі мен ерлігі Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» шығармасына арқау болған.

Тағы қараңыз

  • Керчь-Елтиген операциясы
  Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Зергерлік бұйымдар

  • Сәуір 04, 2026

    Жанартаулық жерсілкіну

  • Сәуір 09, 2026

    Бостан (Қарақалпақстан)

  • Сәуір 08, 2026

    Машат (тау)

  • Наурыз 29, 2026

    Қасым Қайсенов

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары