| Қаратау жыланбасы | ||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
| Dracocephalum karataviense Pavl. et Roldug. |
Қаратау жыланбасы (лат. Dracocephalum karataviense) – ерінгүлділер тұқымдасы, жыланбас туысына жататын көп жылдық шала бұта.
Ботаникалық сипаты
- Биіктігі 15 – 60 см.
- Жіңішке тамырсабағының сырты безді, түкті сабақтар дамиды.
- Жапырақтары қандауыр пішінді, ұзындығы 1,5 – 3 см, ені 0,4 – 1,2 см, сағақсыз болады. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті, нүкте тәрізді безді дақтары бар, өркенге сағақсыз бекініп қарама-қарсы орналасады. Жапырақ бетін жылтыр сұйықтық жауып тұрады.
- Гүл сағағы өте қысқа. Гүліндегі безді түкті тостағанша жапырақшаның ұзындығы 10 – 15 мм, сиякөк түсті. Күлтесінің сырты безді-түкті, қоңыр-қызғылт түсті, оның ұзындығы 18 – 25 мм. Астыңғы ерін құрайтын күлтелері үстіңгісіне қарағанда 1,5 – 2 есе ірі болады. Аталықтарының жіпшесі қысқа, әрі қалың түкті. Аналығының аузы қос тілімді.
- Тұқымы арқылы көбейеді. Маусымда гүлдеп, шілдеде жемістері піседі.
- Жемісі – құрғақ майда (ұсақ) жаңғақша.
Өсетін орны мен таралуы
Талас Алатауының аласа таулары (Машаттау) мен Қаратау жотасының (Мыңжылқы аймағы) тастақты беткейлерінде және жартастарында ғана кездесетін өсімдік.
Қаратау жыланбасы – сирек кездесетін өсімдік, Қаратаудың эндемигі. Жылдан жылға таралу аймағының азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Санаттар:
- Еріндігүлділер
- Қазақстан флорасы
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер