Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

49°00′ с. е. 74°44′ ш. б. / 49.000° с. е. 74.733° ш. б. / 49.000; 74.733 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°00′ с. е. 74°44′ ш. б. / 49.000° с. е. 74.733° ш. б. / 49.0

Қызылтас таулары

  • Басты бет
  • Қызылтас таулары

Қызылтас таулары – Сарыарқадағы аласа таулар мен биік шоқылар шоғыры.

Қызылтас таулары

Сарыарқаның шоқылар шоғырындағы Қызылтас таулары
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Сарыарқа

Пайда болған кезеңі

Карбон, пермь, силур, девон

Аумағы

4 мың км²

Орналасуы

49°00′ с. е. 74°44′ ш. б. / 49.000° с. е. 74.733° ш. б. / 49.000; 74.733 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°00′ с. е. 74°44′ ш. б. / 49.000° с. е. 74.733° ш. б. / 49.000; 74.733 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданының солтүстік-батысы

Қызылтас таулары (Қазақстан)
Қызылтас таулары (Қазақстан)
Қызылтас таулары
Қызылтас таулары (Қарағанды облысы)
Қызылтас таулары

Мазмұны

Географиялық орны мен сипаты

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданының солтүстік-батысында, Қарқаралы тауларының оңтүстік-батысында 60 - 65 км жерде. Аумағы 4 мың км2. Солтүстігінде Керегетас (1183 м), Сораң (1208 м), Қиматас (1247 м), шығысында Берікқара (1099 м), Сарыжол (1153 м), Жантау (1217 м), Қызыладыр (1114 м), оңтүстігінде — Көрпетай (1226 м), Нұртай (1172 м), Жыланды (1195 м), орталығында — Ақшоқы (1153 м), Отар (1159 м), Қушоқы (1283 м), Ақкемер (1132 м) және осы таулардың жалпы атауымен аталған Қызылтас (1195 м), т.б. таулар мен шоқылар орналасқан. Оларды тауаралық аңғарлар мен өзен аңғарлары жеке-жеке тауларға бөліп тұрады. Беткейлері шатқал, сай, жыралармен тілімделген.

Геологиялық құрылымы

Карбон кезеңінің гранит, гранодиорит интрузиялары аралас пермь, карбон, силур, девон свиталарынан түзілген.

Су торабы

Қызылтас бұлақтарға бай. Олардан Нұра, Шерубайнұра, Жарлы, Тоқырау, Жәмші өзендерінің жоғарғы салалары бастау алады.

Өсімдігі

Беткейлерінде және тауаралық аңғарларда аласатаулық ашық қоңыр топырақ таралған. Оларда қайың, көктерек, тал шоқтары, әр түрлі астық тұқымдас шалғындар, сондай-ақ, бетегелі және жусанды-бетегелі қуаң далалық өсімдіктер өседі. Таулар төңірегі маусымдық жайылым және оның шалғынды тұстары шабындық ретінде пайдаланылады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 12, 2026

    Адай

  • Наурыз 21, 2026

    Молекула

  • Наурыз 29, 2026

    Асқорыту мүшелері

  • Наурыз 11, 2026

    Каспий теңізі

  • Наурыз 11, 2026

    Орта жүз

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары