| Ауыл | |
| Үлгілі Малшы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Ауылдық округ орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Үлгілі Малшы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 48°34′55″ с. е. 83°05′57″ ш. б. / 48.58194° с. е. 83.09917° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°34′55″ с. е. 83°05′57″ ш. б. / 48.58194° с. е. 83.09917° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1932 |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▼ 645 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 18 |
Үлгілі Малшы шекарасы | |
Үлгілі Малшы — Абай облысы Көкпекті ауданындағы ауыл, Үлгілі Малшы ауылдық округі орталығы.
Аудан орталығы - Көкпекті ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 76 км жерде, Кіші Бөкен өзенінің сол жағасына таяу тұста, Бұқтырма бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауындағы далалық белдемде орналасқан.
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1349 | ▼ 959 | ▼ 645 | 67,3 | 507 | ▼ 337 | 66,5 | 452 | ▼ 308 | 68,1 |
Іргесі 1932 жылы ет бағытындағы ірі қара мал өсіру мақсатында ұйымдастырылған “Үлгілі малшы” кеңшарының және онымен аттас ауылдық кеңестің орталығы есебінде қаланған. 90-жылдардың орта кезінде кеңшардың таратылуына байланысты мұнда шаруа қожалықтары құрылды.