| Үлкен Дәмді өзені | |
|---|---|
![]() | |
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 133 км |
| Су алабының ауданы | 5140 км² |
| Су алабы | Сарықопа көлі |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Жүншілік қонысы тұсындағы бұлақтар |
| • Координаттары | 51°32′59″ с. е. 65°24′13″ ш. б. / 51.54972° с. е. 65.40361° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Сарыөзен өзені |
| • Орналасқан жері | Нарөлген қыстауы тұсы |
| • Координаттары | 50°57′45″ с. е. 64°52′04″ ш. б. / 50.96250° с. е. 64.86778° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°57′45″ с. е. 64°52′04″ ш. б. / 50.96250° с. е. 64.86778° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Қостанай облысы Қарасу, Науырзым, Амангелді аудандары |
Үлкен Дәмді, Дәмді – Сарықопа көлінің алабындағы өзен.
Географиялық орны
Қостанай облысы Қарасу, Науырзым, Амангелді аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 133 км. Су жиналатын алабы 5140 км².
Бастауы
Қарасу ауданы жеріндегі Жүншілік қонысы тұсындағы бұлақтардан басталып, Нарөлген қыстауы тұсында Сарыөзен өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Аңғарының ені 3 — 7 км, сайлы, жыралы болып келеді. Жайылмасы жоғарғы бөлігінде 20 — 40 м, ортаңғы бөлігінде 1 — 3 км. Арнасының ені 40 м, жағасы тік, биіктігі 4 — 5 м. Жауын-шашын, ыза суынан толығады. Суы көктемде тұщы. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 11,6 м³/с. Өзеннің жоғарғы өңірі — егіндік, қалған бөлігі — мал жайылымы. Суы жайылым, шабындық, мал суаруға пайдаланылады.
- Алфавит бойынша өзендер
- Амангелді ауданы өзендері
- Науырзым ауданы өзендері
- Сарықопа су алабы
