Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ұзақ Бағаев (16 қазан 1930(19301016), Алматы облысы Райымбек ауданы — 28 шілде 1973, Алматы) — белгілі журналист, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері

Ұзақ Бағаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ұзақ Бағаев
Туған күні

16 қазан 1930 (1930-10-16)

Туған жері

Алматы облысы, Райымбек ауданы

Қайтыс болған күні

28 шілде 1973 (1973-07-28)(42 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Қызметі

журналист, мемлекет қайраткері

Білімі

ҚазМУ (1952)

Мамандығы

журналист

Марапаттары мен сыйлықтары

Еңбек Қызыл Туы орденіҚұрмет Белгісі ордені

Ұзақ Бағаев (16 қазан 1930(19301016), Алматы облысы Райымбек ауданы — 28 шілде 1973, Алматы) — белгілі журналист, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері.

Өмірбаяны

1952 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген.

Ұлы жүздің Албан тайпасынан шыққан.

Қызмет жолы

  • 1952–1962 жж. — «Социалистік Қазақстан» (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
  • Одан кейінгі жылдары Қызылорда және Талдықорған облыстық газеттерінің редакторы болды.
  • 1969–1973 жж. — «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы болып еңбек етті.
  • Қазақстан Журналистер одағының төрағасы міндетін атқарып, республикада кәсіби журналист кадрларын даярлау ісіне елеулі үлес қосты.

Шығармашылығы

Оның қаламынан туған маңызды еңбектер мен жинақтар:

  • «Халық бастамасы — қайнар бұлақ» (1961);
  • «Дала жұлдыздары» (1970);
  • «Жан сұлулығы» (1975).

Марапаттары

  • Еңбек Қызыл Ту ордені;
  • Құрмет Белгісі ордені;
  • КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1973);
  • Бірнеше мемлекеттік медальдар.

Естелік

  • Алматы облысы Райымбек ауданының Алғабас ауылында Ұзақ Бағаев атындағы орта мектеп, көше және мұражай-үйі бар.
  • Қазақстанның үздік журналистеріне арналған Ұ. Бағаев атындағы арнайы сыйлық тағайындалған.
Жоғары