Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Әскери педагогика — Қарулы Күштердің әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің зандылықтарын зерттейтін педагогика саласы. Әскери педагогика әскер жағдайында

Әскери педагогика

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әскери педагогика — Қарулы Күштердің әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің зандылықтарын зерттейтін педагогика саласы. Әскери педагогика әскер жағдайында жеке құрамды әскер ісіне үйретуге, саяси санасын арттыруға, олардың жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттерін дамытып, нығайтуға негізделеді. Әскери педагогика өз міндеттерін орындауда қазіргі Қарулы Күштер мен соғыс міндеттерінен туындайтын әскерлерді оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің бірыңғай принциптерін басшылыққа алады, әскерлердің ұрысқа дайындығын жетілдіреді. Қарулы Күштердін әскери және саяси дайындығы принциптерімен қатар, әскери педагогика жалпы педагогиканың ғылыми принциптерін ұстанады. Ол принциптер мыналар: көрнекілік, оқыту, саналылық пен үйренушілердің белсенділігі, алған білімнің беріктігі, оқытудың жүйелілігі мен бірізділігі, үйренушілермен жеке жұмыс жүргізу.

Жоғары