Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Физикада кеңістік деп біз субьективті түрде барлық физикалық оқиғалар мен нәрселер “ыдысы” деп түсінетін, солардың іс-әрекеттері орын алатын “алаңды” айтады. Фи

Кеңістік (физика)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Кеңістік деген бетті қараңыз.

Физикада кеңістік деп біз субьективті түрде барлық физикалық оқиғалар мен нәрселер “ыдысы” деп түсінетін, солардың іс-әрекеттері орын алатын “алаңды” айтады. Физикада жиі көпөлшемді кеңістік – мысалы, күрделі жүйе қалпы бір нүкте арқылы сипатталатын фазалы кеңістік деген ұғым кездеседі. Осындай кеңістіктер — кәдімгі “біздің өмірлік” үш өлшемді кеңістікте есептерді тұжырымдап шығара алу үшін пайдаланатын жәй ғана абстракцииялар.

Декарттық координаттар жүйесі, үш өлшемді, тікбұрышты жүйе, кеңістіктегі позицияны анықтау үшін қолданылады.

Салыстырмалы теориясында кеңістік — кеңістік-уақыт бүтін жүйесінің бір көрінісі ғана, ал жеке кеңістік, не уақытқа бөлу берілген санақ жүйесіне байланысты. Физиканың көп салаларында физикалық кеңістік қасиеттерінің өзі (өлшемі, шексіздігі және т.б.) затты нәрселердің бар жоғына байланысты емес. Жалпы салыстырмалы теориясында затты денелер кеңістік қасиеттерін өзгертетін болып шықты, дәлірек айтса кеңістік-уақытты өзгертеді - оны «қисайтады». Мысалдар:

  • Фазалық кеңістік

Тағы қараңыз

  • Кеңістік пен уақыт
Жоғары