
5-Ми қабығы: 6-қатты ми қабығы, 7-өрмелі қабық, 8-жұмсақ ми қабығы
Өрмелі қабық (паутинная оболочка); (arachnoidea spi-nalis, гр. arachnoidea — өрмекші тәрізді, лат. spina — жота) — жұлынның ортаңғы жұқа да нәзік қабығы. Оның екі беті эндотелиймен қапталған. Жұлынның сыртқы қатты қабығы мен өрмелі қабықаралығындағы қаттыасты (субдуральды) кеңістікпен және өрмелі қабықпен оның астындағы жұлынның жұмсақ қабығы аралығындағы өрмеліасты (субарахноидальды) кеңістікпен жұлын сұйығы ағып жатады. Өрмелі қабықжұлын және жұлын қабықтарымен қан, лимфа тамырлары, жүйкелер, жұмсақ қабық тісшелері және аспалы торлы байламдар арқылы байланысады.

Санат:
- Бас миы