| Физикалық космология |
|---|
| Жойқын жарылыс • Ғалам Ғаламның жасы Ғалам хронологиясы |
| Алғашқы ғалам
|
| Кеңеюі • Болашағы
|
| Құрамы • Құрылымы
|
| Эксперименттер Dark Energy Survey • Illustris • BOOMERanG • COBE • SDSS • WMAP • Планк (телескоп) • 2dF ғарыштық қызылға ығысуды тексеру |
| Космолог ғалымдар Марк Ааронсон • Р. А. Алфер • Ханнес Альвен • Сомнат Бхарадвадж • Р. В. Вильсон • Галилей • Георгий Гамов • Алан Гут • Виллем де Ситтер • Роберт Дикке • Яков Зельдович • Кеплер • Коперник • Жорж Леметр • Андрей Линде • Джон Мазер • Ньютон • А. А. Пензиас • Вера Рубин • Джордж Смут • Алексей Старобинский • Пол Стейнхардт • Рашид Суняев • Ричард Толмэн • Александр Фридманн • Эдвин Хаббл • Карл Шварцшильд • Брайан Шмидт • А. С. Эддингтон • Альберт Эйнштейн • Юрген Элерс • Дж. Ф. Эллис |
| Тарихы
|
| |
Ажырау (ағылш. Decoupling) — физикалық космологияда ғалам дамуының бір кезеңін білдіреді, онда әртүрлі типтегі бөлшектер жылу тепе-теңдігінен бір-бірінен ажырайды. Бұл ғаламның кеңеюі нәтижесінде пайда болады, өйткені олардың өзара әрекеттесу шамасы төмендеп (және орташа еркін жолы өсіп), ажырау сыни нүктесіне дейін жетеді . Жойқын жарылыс кезінен бастап ажыраудың екі расталған жағдайы фотонның ажырауы және нейтриноның ажырауы болып, олар сәйкесті түрде "ғарыш микротолқынды фоны" мен "ғарыш нейтрино фонын" қалыптастырған.
Фотонның ажырауы рекомбинациямен тығыз байланысты, ол Жойқын жарылыстан шамамен 378 000 жыл өткен соң (z = 1100 қызылға ығысуында) жүз берді, ғалам ол кезде ыстық күңгірт ("тұманды") плазма еді. Рекомбинация кезінде еркін электрондар протондармен (сутек ядросымен) байланысып, бейтарап сутек атомдарын құрады. Сутегінің алғашқы күйіне (энергиясы ең төмен) тіке рекомбинациялар еш өнімсіз болғандықтан, бұл сутегі атомдары әдетте электрондармен бірге жоғары энергетикалық күйде қалыптасады, ал электрондар фотондар шығару арқылы тез төмен энергия күйіне ауысады. Қалыптасқан бейтарап сутегі жарық жолағы үшін мөлдір болғандықтан, басқа сутегі атомдары ұстап қалмаған фотондар ғалам тарихында тұңғыш рет ұзақ қашықтыққа сапар шеге алды (сәле болып кеңістікте шашырай алды). Олар қазір де анықталады, дегенмен олар қазір радиотолқыны түрінде шығып, ғарыш микротолқынды фонын ("CMB") құрайды. Олар ғалам қалай пайда болғаны туралы маңызды деректерді ашып береді.
- Физикалық космология