Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақсу-Жабағылы қорығына жақын Шақпақ бұлағынан (Қаратау мен Талас Алатауының аралығында) бастау алып, Түркістан облысы, Отырар ауданының Талапты ауылы маңында Сы

Арыс (өзен)

  • Басты бет
  • Арыс (өзен)

Арыс – Сырдарияның оң жақ саласы.

Арыс өзені
Арыс өзеніндегі паром өткелі. 1860-шы жылдар. Авторы - Александр Кун.
Арыс өзеніндегі паром өткелі. 1860-шы жылдар. Авторы - Александр Кун.
Сипаттамасы
Ұзындығы 378 км
Су алабының
ауданы
14900 км²
Су алабы Сырдария өзені
Су ағысы
Бастауы Қаратау мен Талас Алатауының аралығы
 • Координаттары 42°28′51″ с. е. 70°37′29″ ш. б. / 42.48083° с. е. 70.62472° ш. б. / 42.48083; 70.62472 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Сырдария өзенінің оң жағы
 • Координаттары 42°46′43″ с. е. 68°13′50″ ш. б. / 42.77861° с. е. 68.23056° ш. б. / 42.77861; 68.23056 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°46′43″ с. е. 68°13′50″ ш. б. / 42.77861° с. е. 68.23056° ш. б. / 42.77861; 68.23056 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Түркістан облысы
 Басқа мағыналар үшін Арыс (айрық) деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны

Түркістан облысындағы өзен. Ұзындығы - 378 км, алабының ауданы - 14900 км2.

Бастауы

Ақсу-Жабағылы қорығына жақын Шақпақ бұлағынан (Қаратау мен Талас Алатауының аралығында) бастау алып, Түркістан облысы, Отырар ауданының Талапты ауылы маңында Сырдария өзеніне құяды.

Салалары

Басты салалары: Ақсу, Бадам, Қабылсай, Жабағылы, Боралдай.

Гидрологиясы

Жоғарғы ағысы терең таулы аңғармен, орта және төмен ағыстарында жазықпен ағады. Төмен ағысының жайылмасы - 1,5-2,0 км, арнасы - 40-50 м шамасында болады. Алабында 11 шағын бөген және 3 СЭС салынған. Негізінен көктемгі еріген қар және жаңбыр суымен толығады. Жылдық орташа су ағынының мөлшері 40,2 м³/с-ке (Арыс темір жол бекетінің тұсында) жетеді. Егістік, бау-бақша, шабындық суаруға пайдаланады.

Арыс өзенінен тікелей 37 канал бастау алады. Ең ірісі - Арыс-Түркістан каналы (су ағынының мөлшері — 13,4 м³/с). Өзен суы тұщы, минералдылығы - 200-400 мг/л- ге (құйылысында) дейін өзгереді.

Атау тарихы

Ерте кездерде батысында Сырдарияның, шығысында Кіші Қаратау жотасын, оңтүстігінде Арыс өзенінің аңғарын, солтүстігінде Арысқұм, Арыс көлі арқылы Ұлытау, Көкшетау өңірлерінің аралығын ежелгі сақтың Арыс (арыстар, арсақтар) тайпасы мекендеген. Арыс тайпасының негізгі бөлігі б.д.д. 2-ші мыңжылдықта Еуропаға қоныс аударған. Әйгілі ғұлама Анарыс (Анахарсис) б.д.д. 8 ғасырда өзінің ата жұрты қазақ даласы туралы "Аримаслалар" эпосын жазып қалдырған. Анарыс туралы мағлұматтарды Т.Жұртбаев өзінің 1994 жылғы "Дулыға" атты тарихи шығармасында "Арыстар (Арыс тайпасы) туралы деректер көптеп кездеседі" деп жазады. Ә.Байпатша "Қазақ даласының ежелгі тарихы" атты кітабында Арыс тайпасының Сарыарқа, Жезқазғандағы тау-кен ісін меңгергендігі, Абайыл кен орнын тапқаны туралы құнды деректер келтірген. Қорыта айтқанда, қазіргі Арыс өзені, Арыс қаласы, Арыс көлі, т.с.с. атаулар осы тайпаның мекендеген жеріне атын қалдырған жер-сулар. Бізге жеткен ең ежелгі шынайы əділеттілік ілімі Дала заңдары – «Білік», Арыс би дананың өсиеттері. Арыс би үш мыңдай жыл бұрын өмір сүрген. Оның құрметіне Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзенінің атауы берілген.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Солтүстік Америка

  • Наурыз 22, 2026

    Ауа

  • Наурыз 23, 2026

    Адам құқығы

  • Сәуір 03, 2026

    Чех тілі

  • Сәуір 05, 2026

    Қара топырақ

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары