Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақкөл — қала, Ақмола облысы Ақкөл ауданының және Ақкөл қалалық әкімдігі орталығы. 1997 жылға дейін — "Алексеевка" деп аталған.

Ақкөл (қала)

  • Басты бет
  • Ақкөл (қала)

Ақкөл — қала, Ақмола облысы Ақкөл ауданының және Ақкөл қалалық әкімдігі орталығы. 1997 жылға дейін — "Алексеевка" деп аталған.

Қала
Ақкөл
Елтаңбасы
Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 ҚазақстанҚазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Ақмола облысы

Ауданы

Ақкөл ауданы

Әкімі

Әбенов Қажымұқан Шайкенұлы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

51°59′39″ с. е. 70°57′08″ ш. б. / 51.99417° с. е. 70.95222° ш. б. / 51.99417; 70.95222 (G) (O) (Я)Координаттар: 51°59′39″ с. е. 70°57′08″ ш. б. / 51.99417° с. е. 70.95222° ш. б. / 51.99417; 70.95222 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1887

Бұрынғы атаулары

Алексеевка

Қала статусы

1965

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

15 879 адам (2023)

Ұлттық құрамы

орыстар 39,14 %
қазақтар 38,82 %
украиндар 6,34 %
басқалары 15,70 %

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71638

Пошта индекстері

020100

Автомобиль коды

C

Ақкөл картадаҚарабоғаз шығанағыАрал теңізіАрал теңізіАрал теңізіТүрікменстанӨзбекстанӘзербайжанГрузияҚырғызстанТәжікстанҚытайРесейБайқоңырАлматыАстанаШымкентБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көліМаңғыстау облысыАтырау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысыҚостанай облысыСолтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҰлытау облысыҚарағанды облысыҚызылорда облысыТүркістан облысыЖамбыл облысыШығыс Қазақстан облысыАбай облысыАлматы облысыЖетісу облысыКаспий теңізі
Ақкөл картада
Ақкөл
Ақкөл
Ақкөл картада
Ақкөл
Ақкөл
Ақкөл шекарасы
Map

Мазмұны

Географиялық орны

Астана қаласынан солтүстікке қарай 107 км-дей жерде, Ақкөл көлінің оңтүстік-батыс жағалауын ала орналасқан.

Тарихы

Іргесі 1887 жылы қаланған. 1939 жылы кент, 1965 жылы қала мәртебесін алды.

Халқы

Тұрғыны:

  • 14 217 адам (2009);
  • 13 802 адам (2011);
  • 13 586 адам (2012);
  • 13 610 адам (2013);
  • 13 725 адам (2014).
Саны (2009, 2021)
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
14217 ▲16017 112,7 6813 ▲7919 116,2 7404 ▲8098 109,4

Климаты

Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы — 17°С, шілдеде – 20°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350 мм.

Кәсіпорындары

Құрылыс материалдары комбинаты, жөндеу-механикалық орталығы, қиыршықтас, тұрмыстық химия, нан, сүт зауыттары, элеватор, Астана ет комбинатының бөлімшесі жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

Аудандық орталық аурухана, тубдиспансер, 4 мектеп, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйі, мектепаралық оқу-өндірісі комбинаты, 14 мектепке дейінгі балалар мекемесі, облыстық балалар үйі, мектеп-интернат, шипажай, кәсіптік-техникалық училище, 2 мәдениет үйі, 12 кітапхана, кинотеатр, Халық қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы мұражай бар. Ақкөл арқылы Петропавл — Астана темір жол және автомобиль жолдары өтеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 24, 2026

    Қобыланды батыр (жыр)

  • Сәуір 03, 2026

    Музыкалық аспаптар

  • Сәуір 02, 2026

    10 желтоқсан

  • Сәуір 03, 2026

    Баянауыл ауданы

  • Сәуір 03, 2026

    Зар Заман

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары