Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақкөл ауданы — Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. 1997 жылға дейін "Алексеев ауданы" деп аталып келді. Орталығы — Ақкөл қалас

Ақкөл ауданы

  • Басты бет
  • Ақкөл ауданы

Ақкөл ауданы — Ақмола облысының солтүстігіндегі әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. 1997 жылға дейін "Алексеев ауданы" деп аталып келді. Орталығы — Ақкөл қаласы.

Қазақстан ауданы
Ақкөл ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Ақмола облысы

Аудан орталығы

Ақкөл

Ауылдық округтер саны

8

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

28

Қала саны

1

Әкімі

Біржан Тасболатұлы Әбдірахманов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, №94

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°00′55″ с. е. 70°58′37″ ш. б. / 52.01528° с. е. 70.97694° ш. б. / 52.01528; 70.97694 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°00′55″ с. е. 70°58′37″ ш. б. / 52.01528° с. е. 70.97694° ш. б. / 52.01528; 70.97694 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

9,4 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

24 338 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (43,7%), орыстар (38,79%), немістер (5,62%), украиндар (3,89%), татарлар (2,13%), беларустар (1,38%), поляктар (1,26%), басқалары (3,23%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

020100-020112

Автомобиль коды

03

Ақкөл ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Ақкөл ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Аудан солтүстігінде Біржан сал ауданымен және Степногорск қаласымен, шығысында Ерейментау ауданымен, батысында Бұланды, Астрахан аудандарымен, оңтүстігінде Шортанды ауданымен шектеседі.

Жер бедері

Ақкөл ауданы жері (абсолют биіктігі 200-400 м) ұсақ, шоқылы, белесті болып келеді. Орталық бөлігінде Домбыралы тауы (471 м) орналасқан. Пайдалы қазбалардан: алтын, гранит, қиыршықтас, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы — 170-18°С, шілдеде 19-20°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350-400 мм. Басты өзендері: Қалқұтан, Талқара, Ақсуат. Көлдері ұсақ, негізінен сор болып келеді. Ірі көлдері: Итемген, Ақкөл, Балықтыкөл, Шортанкөл, Жарлыкөл. Жерасты сулары ауыз сумен қамтамасыз етуде үлкен маңыз атқарады. Топырағы карбонатты, сортаң, оңтүстікке қарай қара. Өсімдіктерден: түрлі шөп, қызғылт және қылқан селеу, сулыбас т.б. өседі. Орманының аумағы 50,5 мың га (қарағай, қайың, терек). Жануарлардан: бұлан, елік, сілеусін, қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ, ақтиын, дала тышқаны, өзен-көлдерінде шортан, алабұға, оңғақ тіршілік етеді және жыл құстары мекендейді.

Шаруашылығы

Аудан орталығында жөндеу-механикалқ, темір-құйматас бұйымдары және ет, сүт заттары, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, 3 орман шаруашылығы, баспахана жұмыс істейді. Ақкөл ауданының тұрғындары негізінен астық, мал өсірумен шұғылданады. Ауыл шаруашылық жерінің аумағы 567,2 мың га (1997), оның 226,0 мың га-сы егістік, 24 мың га-сы шабындық, 317,1 мың га-сы жайылымдық жер. Ақкөл ауданында. Ауыл шаруашылығы жерінің ауданы 822974 га, оның 165886 га-сы егістік, 24 мың га-сы шабындық, 317,1 мың га-сы жайылымдық жер. Ақкөл ауданында 12 кәсіпорын, 3 құрылыс, 4 көлік мекемесі бар, ауданы мамандандырылған бірлестік, қожалық, акционерлік және кооперациялық шаруашылықтар құрылған. Егіншілікте негізінен дәнді дақыл (80%) өсірумен айналысады. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, қой мен ешкі, жылқы, шошқа, құс өсіріледі. Ақкөл ауданында кәсіптік-техникалық училище, 34 мектеп, бала-бақшалары, мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар, денсаулық сақтау мекемелері бар. Ауданы «Знамя Родины» газеті шығады. Аудан облыс орталығы — Көкшетау қаласы, елді мекендермен темір және автомобиль жолдары арқылы қатынасады.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 64570 ▼57798 ▼57627 ▼39059 ▲39381 ▼35274 ▼27120 ▼24808

Тұрғындар саны: 25 793 адам (2019).

  • Ұлттық құрамы: қазақтар (42,86%), орыстар (38,96%), украиндар (4,26%), немістер (5,85%), беларустар (1,43%), татарлар (2,23%), еврейлер (0,34%), башқұрттар (0,33%), ингуштар (0,17%), корейлер (0,20%), әзербайжандар (0,29%), поляктар (1,31%), армяндар (0,12%), басқалары (1,99%).

Әкімшілік бөлінісі

29 елді мекен 7 ауылдық округ пен 1 ауылдық, 1 қалалық әкімдікке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Азат ауылдық әкімдігі 1152 ▼969 84,1 577 ▼484 83,9 575 ▼485 84,3
Ақкөл қалалық әкімдігі 14815 ▲16417 110,8 7114 ▲8133 114,3 7701 ▲8284 107,6
Еңбек ауылдық округі 1193 ▼869 72,8 576 ▼481 83,5 617 ▼388 62,9
Жалғызқарағай ауылдық округі 627 ▼426 67,9 328 ▼234 71,3 299 ▼192 64,2
Кеңес ауылдық округі 2059 ▼1509 73,3 1020 ▼787 77,2 1039 ▼722 69,5
Қарасай ауылдық округі 1852 ▼1044 56,4 915 ▼530 57,9 937 ▼514 54,9
Наумов ауылдық округі 1437 ▼1009 70,2 720 ▼507 70,4 717 ▼502 70
Новорыбин ауылдық округі 1363 ▼954 70 686 ▼488 71,1 677 ▼466 68,8
Урюпин ауылдық округі 2622 ▼1611 61,4 1344 ▼835 62,1 1278 ▼776 60,7
ЖАЛПЫ САНЫ 27120 ▼24808 91,5 13280 ▼12479 94 13840 ▼12329 89,1

Ірі елді мекендері

Елді мекен Халқы
(2021)
Ақкөл ▲16017
Урюпинка ▼1017
Азат ▼969
Новорыбинка ▼746
Еңбек ▼695
Домбыралы ▼681
Қына ▼591
Наумовка ▼530
Кеңес ▼461
Жалғызқарағай ▼349

Танымал тұлғалары

  • Айтпай Бекболатұлы Құсайынов - Социалистік Еңбек Ері
  • Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов - Кеңес Одағының Батыры
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 10, 2026

    Қарағанды облысы

  • Наурыз 21, 2026

    Энергия

  • Наурыз 21, 2026

    Кеңес үкіметі

  • Наурыз 21, 2026

    1914 жыл

  • Сәуір 04, 2026

    Ақ түс

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары