Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстігіндегі 4000 м биіктіктегі мұздықтардан басталып, таулы шатқалдардан сарқырай ағып өтеді де, жазыққа шыға ағысы баяулайды.

Бүйен (өзен)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бүйен өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 120 км
Су алабының
ауданы
1200 км²
Су алабы Қаратал алабы
Су ағысы
Бастауы Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстігіндегі 4000 м биіктіктегі мұздықтар
  Биіктігі 4000 м
Сағасы
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Жетісу облысының Ақсу, Сарқан аудандары

Бүйен, Биен – Қаратал алабындағы өзен.

Географиялық орны

Жетісу облысының Ақсу, Сарқан аудандары жерінде.

Бастауы

Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстігіндегі 4000 м биіктіктегі мұздықтардан басталып, таулы шатқалдардан сарқырай ағып өтеді де, жазыққа шыға ағысы баяулайды.

Гидрологиясы

Ұзындығы 120 км, су жиналатын алабы 1200 км2. Бастауында ені 150-170 м тар шатқалмен ағады, Қызылту ауылынан төменірек жерде өзен аңғары 500 — 600 м-ге дейін кеңейеді. Жылдық орташа су ағыны 4,05 м3/с (Сағабиен ауылы тұсында). Суы тұщы (150 — 200 мг/л). Жазықта өзен арнасынан тартылған 12 каналмен егістік, бау-бақша жерлері суарылады.

Жоғары