| Винченцо Монтелла | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 18 маусым 1974 (52 жас) | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 176 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | шабуылшы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Қызметі | бас бапкер | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Винченцо Монтелла (итал. Vincenzo Montella; 18 маусым 1974, Помильяно-д'Арко, Кампания) — италиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы
Футболшылық
Монтелла карьерасын 1990 жылы С сериясында "Эмполи" сапында бастады. 1995 жылы В сериясындағы "Дженоаға" ауысты. Бір маусымнан соң А сериясында ойнап жүрген "Сампдорияға" өтті. Екі қатарынан осы клубта ойнап, үздік мергендерінің бірі болды. Осы нәтижелі ойынына қызыққан "Рома" 1999 жылы жазда Монтелламен келісім шарт жасасты.
1999/2000 жылғы маусымда 18 голдың авторы атанды, 1999 жылы 21 қарашада "Романың" бітіспес қарсыласы "Лационың" қақпасына екі гол соқты (бұл ойында римдіктер 4:0 есебімен жеңіске жетті).
2007/08 жылғы маусымның ортасында "Фулхэмге" жалға берілді. Маусым соңында "Ромаға" оралды.
2007/08 жылғы маусымды "Сампдория" сапында арендада өткізді. Бір жылдан соң тағы да "Ромаға" қайта келіп, 2009 жылы карьерасын аяқтады.
Бапкерлік
2009 жылдан бері жаттықтырушылықпен айналысып келеді. Әуелі 2009-11 жылдары "Романың" 15 жасқа дейінгі жасөспірімдерін жаттықтырды. 2011 жылы негізгі клубқа бапкер болды.
2019 жылы "Фиорентинаның" бас бапкері боп тағайындалды.
Қатысқан турнирлері
- Футболдан Еуропа чемпионаты 2000
- Футболдан әлем чемпионаты 2002
Жетістіктері
Футболшы ретінде
«Рома»
- Италия чемпионы: 2000/01
- Италия кубогы (2): 2002/03, 2004/05
- Италия суперкубогы: 2001
Италия құрамасы
- Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 2000
Бапкер ретінде
«Фиорентина»
- Италия кубогының финалисі: 2013/14
«Милан»
- Италия кубогы: 2016
«Севилья»
- Испания кубогының финалисі: 2017/18
Сілтемелер
| ||||||||||
| ||||||||
- 18 маусымда туғандар
- 1974 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Италия футболшылары
- Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Эмполи ФК ойыншылары
- Дженоа ФК ойыншылары
- Сампдория ФК ойыншылары
- Рома ФК ойыншылары
- Фулхэм ФК ойыншылары
- Италия футбол жаттықтырушылары
- Рома ФК жаттықтырушылары
- Фиорентина ФК жаттықтырушылары
- Милан ФК жаттықтырушылары
- Севилья ФК жаттықтырушылары
- Түркия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары