| Джанлуиджи Доннарумма | |||||||||||||||||
| | |||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Лақап аттары | Джиджо | ||||||||||||||||
| Туған күні | 25 ақпан 1999 (27 жас) | ||||||||||||||||
| Азаматтығы | Италия | ||||||||||||||||
| Бойы | 198 см | ||||||||||||||||
| Салмағы | 89 кг | ||||||||||||||||
| Позиция | қақпашы | ||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||
| Клуб | Манчестер сити | ||||||||||||||||
| Номері | 50 | ||||||||||||||||
| |||||||||||||||||
| |||||||||||||||||
Джанлуиджи Доннарумма (итал. Gianluigi Donnarumma; 25 ақпан 1999 жыл, Кастелламмаре-ди-Стабия) — италиялық футболшы, Италия ұлттық құрамасы мен Манчестер сити клубының қақпашысы.
Карьерасы
Клубтық
Джанлуиджи "Миланның" түлегі. 2015 жылы ол негізгі команданың жаттығуларына қатысты. Италия чемпионатындағы дебюті 2015 жылы 25 қазанда "Сассуолоға" қарсы ойында өтті (2:1). Ол италиялық біріншіліктің тарихындағы ең жас қақпашы болды, ол үздік Джанлуиджди Буффонның рекордың бұзды.
Ұлттық
Джанлуиджи 2015 жылғы жасөспірімдік Еуропа Чемпионатында қатысты (17 дейін), және ол жерде негізгі қақпашы болды. Бұл жерде италиялықтар ширек финалға дейін жетті.
2021 жылғы Еуропа чемпионатында Доннарума қаһарман атанды. Жартылай финал және финалда бірнеше пенальтилерді қайтарып, Еуропа чемпионы атанды.
Жетістіктері
- Италия Суперкубогының жеңімпазы (1): 2016
- Еуропа чемпионы: 2021
Жеке өмірі
Джанлуиджинің үлкен ағасы, Антонио — қақпашы. Ол "Миланның" тәрбиеленушісі, ал қазіргі таңда "Дженоаның" сапында өнер көрсетуде.
Сілтемелер
- Пари Сен-Жермен клубында ресми таныстырылуы 15 шілденің 2021 жылы. (ағыл.)
- Доннарумма Пари Сен-Жермен клубымен келісімшартқа отырды 14 шілденің 2021 жылы. (ағыл.)
| ||||||||||||||
| ||||||
- 25 ақпанда туғандар
- 1999 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Италия футболшылары
- Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Милан ФК ойыншылары
- Футболдан Еуропа чемпиондары
- Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары