| Gakku TV | |
| | |
| Ел |
|
|---|---|
| Хабар тарату тілдері | |
| Басқару орталығы | Алматы, Гагарин көшесі, 79 |
| Арнаның тақырыптамалары | музыкалық |
| Хабар таратуын бастады | 24 маусым 2014 жыл |
| Хабар таратуын аяқтады | 1 наурыз 2025 жыл |
| Иесі | «Musan Group» ЖШС |
| Туыстас арналар |
|
| Сайт | |
«Gakku TV» (қаз. «Гәкку ТВ») — Қазақстандағы тек отандық контент таратушы тұңғыш музыкалық телеарна.
Арна еліміздің барлық қалаларының кабельді және спутниктік желілерінде таратылады.
Телеарна қысқа форматты «жедел» ақпарат шығарады. Эфир қазақ және орыс тілдеріндегі музыкалық, жаңалық және ойын-сауық бағдарламаларынан құрылған.
Күн сайын отандық әртістердің соңғы 30 жылдағы ең үздік еңбектерінің 400-ге жуығы эфирдегі көрсетілімге шығарылады . Музыкалық контент арнада ақысыз түрде таратылады. 2025 жылы 1 наурызда құқық иесімен арадағы келісімшарттың мерзімі аяқталуына байланысты хабар таратуын тоқтатты.
Деректер
- 2013 жылғы 1 қараша — «Gakku TV» телеарнасының құрылған күні.
- Телеарнаның негізін салушы — Санжар Мұстафин, қазақстандық продюсер, «Musan Group» компаниясының басшысы.
- 2014 жылдың 8 қыркүйегінде жаңалықтар бөлімінің алғашқы саны «Gakku TV» арнасынан шықты.
- «Gakku TV» арнасында ең алғаш шыққан бейнебаян — Батырхан Шүкеновтің «Отан-ана» атты туындысы.
- 2014 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласында «Gakku TV» заманауи музыкалық арнасының ашылуына байланысты «Gakku Дауысы» атты бірінші, жыл сайынғы музыкалық фестиваль өтті. Фестивальға 200 орындаушы, 57 ұжым, 75 концерттік нөмір қатысты. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде Батырхан Шүкенов шақырылды. Музыкалық іс-шара 7 сағатқа созылды.
- 2015 жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласының «Астана» алаңында екінші «Gakku Дауысы» фестивалі өткізілді. 6 сағыттық концертке Қазақстанның елу бестен астам әртісі үлес қосты. Көрермендер саны 40 мыңнан асты.
- 2016 жылғы 17 қыркүйекте Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған үшінші жыл сайынғы «Gakku Дауысы» атты қазақстандық танымал музыкалық фестивалі өтті. 90 мың көрермен жинаған концерт фестиваль тарихындағы ең ауқымды шара болып танылды.
- 2016 жылғы 18 мамырда Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында тұңғыш «Gakku Әуендері» атты марапаттау салтанаты өтті. Қазақстанның ең үздік хиттері бойынша есеп беру түрінде өткен іс-шара екі сағаттай жүргізілді. Оның телевизиялық нұсқасы YouTube желісіне жүктелді. 2017 жылдың басында оны тамашалағандар саны миллионға жетті.
- 2017 жылғы 23 маусымда Астанадағы EXPO-2017 «Амфитеатр» концерт алаңыда «Sound of Gakku» концерті өтті. Шара 2 сағат 40 минут жалғасты.
- 2017 жылғы 9 қыркүйекте Өскемен қаласында төртінші жыл сайынғы «Gakku Дауысы» фестивалі өтті.
- 2017 жылғы 16 қыркүйекте фестиваль Алматыда өтті. Бас хедлайнер ретінде Димаш Құдайберген шақырылды. Фестиваль тікелей эфирде жүргізілді. Жалпы уақыты 6 сағатқа созылды. Концертке 150 мың адам жиналды.
- 2017 жылғы 22 қыркүйекте фестиваль Ақтау қаласында өтіп, Қала күніне түсті.
- 2018 жылғы 15 қыркүйекте Алматыда бесінші мерейтойлық Gakku Дауысы фестивалі рекордтық 200 мың адам жинады . Концерттің жүргізушілері Алуа Қонарова, Баян Алагузова, сондай-ақ, Gakku арнасының өкілдері Нұржан Еркінұлы мен Тимур Балымбетов болды.
Бағдарламалар мен айдарлар
- «Gakku NEWS» — әр сағаттың басында «Gakku TV» арнасында шығатын шоу-бизнес, спорт, сән әлемі салаларындағы ең шулы және таңғаларлық жағалықтар.
- «Ән-Gimme» — атақты адамдармен тікелей эфирде бейнечат арқылы тілдесу.
- «Derec» — бейнеклиптерді түсіру барысы жайлы экранда баяндайтын титрлар топтамасы.
- «Backstage» — бейнеклип түсіру барысындағы қызықты сәттерді көрсетеді.
- «Gakku Top 10» — отандық телеарнадағы жаңадан шыққан әртістер мен шоу-бизнес саласының озықтары көрермендердің дауыс беруі арқылы бақ сынасатын халықтық чарт.
- «Zhauap Ber» — еліміздің жұлдыздарының қатысуымен өтетін «сұрақ-жауап» түріндегі арнаулы айдар.
- «Сool Тізбе» — мемлекетіміздің шоу-бизнес жұлдыздарының сауықтық рейтингі.
- «Love story» — Қазақстан әртістерінің махаббат хикаялары.
- «Follow Wars» — жұлдыздардың әлеуметтік желілердегі пікірлерге жауап беруі.
- «InstaNews» – жұлдыздардың Instagram әлеуметтік желісіндегі посттарын сөз ету.
- «Tyńda» — екі шоу-бизнес өкілі тез уақыт аралығында орындаушыларды шешіп табады.
- «КиноКөрме» — қазақстандық кино әлемінің репортаждары.
- «Follow Wars 2.0» — жобаның жаңа нұсқасы. Бағдарлама кейіпкері әлеуметтік желілердегі пікірлерге жауап береді, ал студиядағы адамдар оның міндетті түрде жауап беруін қадағалайды.
- «Ұят-Parade S» — бейнеклиптерді қызықты форматта шолу.
- «Newton Tour 2018» — Newton тобының Қазақстан бойынша бірінші гастрольдерінің күнделігі. Жоба YouTube-арнаға шығады.
Музыкалық блоктар
- #Jap-jana — ұлттық эстраданың ең өзекті хиттері. Қазақстандық бейнеклиптердің алғашқы көрсетілімдері осы блокта #tusaukeser хэштегімен шығады.
- #Solo — бұл блокта белгілі бір әншінің немесе топтың үш бірдей бейнебаяны қатарынан көрсетіледі.
- #Ozgeler — альтернативтік музыка топтамасы (рок, фолк, инди, синти, т.б.).
- #Yep-yeski — қазақстан эстрадасының алтын қоры, уақыт сынынан өткен музыкалық хиттер топтамасы.
- #Chak-chak — ең үздік заманауи бейнеклиптер топтамасы.
- #Altynym-altynym — соңғы 10 жыл ішінде шыққан бейнеклиптер топтамасы.
- #Hip-hop — Қазақстанның үздік рэп орындаушыларының бейнеклиптері топтамасы.
«Gakku FM» радиосы
«Gakku FM» — «Gakku TV» негізін салушылары тудырған қазақстандық музыкалық радиостанция. Трансляциялау 2016 жылы 1 желтоқсанда басталды .
«Gakku FM» эфирінде тек қана қазақстандық контент: сапалы заманауи музыка топтамалары мен шоу-бизнес, мәдениет және сауық салаларындағы жаңалықтар таратылады.
2020 жылы радио атауы Той думан радиосы деп өзгертілді.
Аймақтық жиілік
| Аймақ | Жиілік | |
|---|---|---|
| Ақтау | 105 | |
| Алматы | 101,8 | |
| Өскемен | 106 | |
| Шымкент | 89.6 | |
| Астана | 91.5 |
Сілтемелер
- «Gakku TV» ресми сайты
- «Gakku FM» радиосы 16 желтоқсанның 2016 жылы.
- «Musan Group» ресми сайты
- Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақша
- Facebook желісіндегі ресми парақша
- Instagram желісіндегі ресми парақша
- Twitter желісіндегі ресми аккаунт
- YouTube сайтындағы ресми аккаунт
| ||||||||||||||||||
- Алфавит бойынша телеарналар
- Қазақстан телеарналары
- Қазақ тілді телеарналар
- Орыс тілді телеарналар