Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Дабыл жарғағы (лат. membrana tympani, membrana - жарғақ, tympani — дабыл) - сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұратын жұқа жарғақты терілі құрылым; сыртқы

Дабыл жарғағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Адамның дабыл жарғағы

Дабыл жарғағы (лат. membrana tympani, membrana - жарғақ, tympani — дабыл) - сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұратын жұқа жарғақты терілі құрылым; сыртқы құлақ пен ортаңғы құлақты бөліп тұратын жұқа жарғақ.

Оның негізін сәулелі және сақинаша бағыттарда орналасқан дәнекер ұлпасының талшықтары құрайды. Дабыл жарғағының ішкі бетіндегі кілегейлі қабық-жалаң қабат жалпақ эпителиймен астарланған. Дабыл жарғағын сыртынан көпқабатты жалпақ эпителий қаптап жатады. Дабыл жарғағының орта тұсына балғаша сүйекшенің (есту сүйекшесі) тұтқасы бекиді. Дабыл жарғағы — ауадағы дыбыс тербелістерін ортаңғы құлақтағы бір-бірімен буын арқылы қозғалмалы байланысқан есту сүйекшелеріне (балғаша, төс, жасымықша, үзеңгіше сүйекшелер) жеткізеді.

Жоғары