| Даниеле Бове | |
| итал. Daniel Bovet | |
| Туған күні | 23 наурыз 1907 |
|---|---|
| Туған жері | Флерье, кантон Невшатель |
| Қайтыс болған күні | 8 сәуір 1992 (85 жас) |
| Қайтыс болған жері | Рим |
| Азаматтығы |
|
| Ғылыми аясы | фармакология |
| Несімен белгілі | есіркіні бұғаттау арқылы ашқан ерекше нейротрансмиттерлері, гистамин нейротрансмиттерін болдырмайтын және аллергияны емдеу үшін пайдаланылатын антигистаминді зерттеу арқылы да белгілі |
| Марапаттары |
|
Даниеле Бове (итал. Daniel Bovet) (23 наурыз 1907, Флерье, кантон Невшатель — 8 сәуір 1992, Рим) — Швейцариядан шыққан итальяндық фармаколог. 1957 жылы, есіркіні бұғаттау арқылы ашқан ерекше нейротрансмиттерлері үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығына ие болды. 1937 жылы гистамин нейротрансмиттерін болдырмайтын және аллергияны емдеу үшін пайдаланылатын антигистаминді зерттеуі арқылы да белгілі.
Өмірбаяны
Бове Швейцарияда дүниеге келген және сонда оқыды. Жергілікті эсперанто тілінде сөйледі. 1927 жылы Женева университетінің түлегі атанды. 1929 жылы докторлығын алды. 1929-1947 жылдар арасында Париждегі Пастор институтында оқыды. Кейінірек 1947 жылы Римдегі Санитайа денсаулық сақтау институнда жұмыс істеді (Денсаулық жақсарту институты). 1964 жылы Италияда Сассари университетінде профессор болды. 1969-дан 1971-ге дейін ол Римде Ұлттық зерттеу кеңесінің президенті болып қызмет атқарар бұрын Рим Ла Сапиенца университетінде профессор болып жұмыс істеді.
Негізгі еңбектері
Негізгі еңбектері заттардың химиялық құрылымы мен фармакологиялық әсері арасындағы өзара қарым-қатынастарды зерттеуге арналған. Сульфаниламидтік препараттардың бактерияға қарсы іс-қимыл тетігін алғашқылардың бірі болып анықтады. Кураре ұқсас препараттар және антигистаминді қосылыстардың, олардың қолданылуын анықтайтын, құрылым заңдылықтарын құрды.
Нобель жүлдесі
Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы 1957.
Шығармалары
- Structure et activité pharmacodynamioue des médicaments du systéme nerveux végetatif, Bóle, 1948 (F. Bovet-Nitti бірге)
- Curare and curarelike agents, Arnst., 1959 (авторлас).
| ||||||||||
- Үлгі:Cite doi
- http://www.nndb.com/people/736/000129349/
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 23 наурызда туғандар
- 1907 жылы туғандар
- 8 сәуірде қайтыс болғандар
- 1992 жылы қайтыс болғандар
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- Италия фармакологтары
- XX ғасыр биологтары
- Женева университеті түлектері