| Феодор Феликс Конрад Линен | |
| Feodor Felix Konrad Lynen | |
| |
| Туған күні | 6 сәуір 1911 |
|---|---|
| Туған жері | Мюнхен, Германия империясы |
| Қайтыс болған күні | 6 тамыз 1979 (68 жас) |
| Қайтыс болған жері | Мюнхен, Германия |
| Жұмыс орны | көрнекті биохимик, Нобель сыйлығының лауреаты физиология мен медицина саласында (1964) |
| Марапаттары |
|
Феодор Феликс Конрад Линен (6 сәуір 1911, Мюнхен - 6 тамыз 1979, Мюнхен) - неміс биохимик. Ағзадағы май қышқылдарының және холестерин алмасуына іргелі зерттеулер жасаған. «Холестерин және май қышқылдарының метаболизмінің механизмі және реттелуіне қатысты олардың жаңалықтары үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1964 жылғы лауреаты. «Леопольдина» атты Герман Жаратылыстану ғылым академиясының (1959) және АҚШ Ұлттық ғылым академиясының (1962) мүшесі.
Өмірбаяны
Феодор Феликс Конрад Линен өмірге Мюнхенде ғалым отбасында келген. 1930 жылы Мюнхен университетіне оқуға түседі. Ол химия факультетінде оқыған. Оның мұғалімдер арасында Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Генрих Виланд болды. 1937 жылы ол «мухомордағы улы заттар туралы» диссертациясын қорғады. Осы жылы, 14 мамыржа, Ева Виландқа, Генрих Виландтың қызына үйленді. Мен биохимия мамандығы бойынша университетте қалып жұмыс істеді.
Әскерге шақырудан денсаулық себептер бойынша босатылды.
1942 жылдан бастап оқытушылық қызметпен айналысты. 1947 жылы доценттік алды, ал 1953 жылы - Мюнхен университетінің биохимия профессоры атанды. 1954 жылдан Мюнхендегі Макс Планк атындағы қоғамның клетка химиясы институтының директоры. Негізгі ғылыми еңбектері зат алмасу биохимиясын, организмдегі май қышқылдарының тотығуын, ацетатты активтендіру процестерін зерттеуге арналған. 1964 жылы Конрад Блохпен бірге холестерин мен май қышқылдарының биосинтезін зерттегені үшін Нобель сыйлығын алды.
Сілтемелер
- Конрад Блохтың Нобель комитетінің сайтындағы өмірбаяны (ағыл.)
- Феодор Линеннің Нобельдік дәрісі (ағыл.)
- Конрад Блохтың Peoples.ru сайтындағы өмірбаяны
| ||||||||||
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 6 сәуірде туғандар
- 1911 жылы туғандар
- 6 тамызда қайтыс болғандар
- 1979 жылы қайтыс болғандар
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- Германия химиктері
- XX ғасыр биологтары
