Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бастауын Іле Алатауындағы Корженевский (3950 м биіктікте), Григорьев (3850 м биіктікте) мұздықтарының төменгі етектерінен алып, Қапшағай су қоймасына құяды.

Есік (өзен)

  • Басты бет
  • Есік (өзен)

Есік өзені – Іле алабындағы өзен.

Есік өзені
Есік өзенінің ортаңғы ағысында Есік көліне құяр тұсы
Есік өзенінің ортаңғы ағысында Есік көліне құяр тұсы
Сипаттамасы
Ұзындығы 96 км
Су алабы Іле
Су ағысы
Бастауы Іле Алатауы мұздықтары
 • Биіктігі 3950 м
 • Координаттары 43°08′21″ с. е. 77°23′02″ ш. б. / 43.13917° с. е. 77.38389° ш. б. / 43.13917; 77.38389 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Қапшағай су қоймасы
 • Координаттары 43°46′12″ с. е. 77°22′11″ ш. б. / 43.77000° с. е. 77.36972° ш. б. / 43.77000; 77.36972 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°46′12″ с. е. 77°22′11″ ш. б. / 43.77000° с. е. 77.36972° ш. б. / 43.77000; 77.36972 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары

Мазмұны

Географиялық орны

Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары жерімен ағып өтеді.

Бастауы

Бастауын Іле Алатауындағы Корженевский (3950 м биіктікте), Григорьев (3850 м биіктікте) мұздықтарының төменгі етектерінен алып, Қапшағай су қоймасына құяды.

Гидрографикасы

Ұзындығы – 96 км, оның 22 км-дей бөлігі Есік шатқалымен өтеді. Өзеннің ені мен тереңдігі әр бөлігінде әртүрлі болып - ені 3-5 м-ден 7-8 м-ге дейін, тереңдігі 25-30 см-ден 1-1,5 м-ге дейін ауытқиды. Таулы тасқынында ағысының жылдамдығы 3 м/сек болса, төменгі ағысы мен өзеннің аяғында 0,06 м/сек-қа дейін азаяды. Ағыс жылдамдығы маусымдық өзгеріске байланысты өзгеріп отырады - көктемде су деңгейі көтерілгенде ағыс жылдамдығы артады, ең қатты ағыс маусым-шілде айларында байқалады, қазан-қараша айларында азайып, қыс кезінде минимумға жетеді.

Өзеннің бойлық зоналары

Өзеннің бойлығы тамыз айының физика-гидрологиялық факторлары бойынша жеті зонаға бөлінген:

  • бірінші зона - мұздық, мәңгі қардың шекарасы деңгейінен 4000-3000 м, су температурасы 0°С;
  • екінші зона - мұздықтың бастауы - мореналық аймақ, ең биіктігі теңіз деңгейінен 3000-2900 м, ағыс жылдамдығы тым қатты емес - шамамен 2 м/сек, суы мұздықтың майлы лайының (ил) әсерінен лайлы болып келеді;
  • үшінші зона - тау өзенінің жоғарғы ағысы, абсолюттік биіктігі - 2900-1800 м, су температурасы 3,0-8°С, су ағысының жылдамдығы қатты - 3-4 м/сек. Грунттың қозғалысы екінші зонаға қарағанда баяу;
  • төртінші зона - өзеннің ортаңғы ағысы, абсолюттік биіктігі 1800-1000 м, су температурасы 8-12°С, ағыс жылдамдығы - 3-4 м/сек, грунт кейбір жерлерінде қозғалмалы;
  • бесінші зона - өзеннің төменгі ағысы, абсолюттік биіктігі 1000-800 м, судың орташа температурасы 12-17°С, ағыс жылдамдығы - 2 м/сек, грунты майда, ірі және ұсақ тастар, кейбір жерлерінде лай тұнған;
  • алтыншы зона - далалық, абсолюттік биіктігі 800-600 м, су температурасы 17-19°С, су ағысының жылдамдығы күрт 2 м/сек-тан 0,09 м/сек-қа дейін төмендейді. Грунты майда тасты, қиыршық тасты, құмды, қойнауларында тұнба лайлы, аңғары кең;
  • жетінші зона - жазықтық және шөлейтті, абсолюттік биктігі 700 м және одан төмен, температура шамамен 30°С, ағыс жылдамдығы өте баяу (0,06 м/сек), грунты - құм, тұнба лай.

Су бассейні

Өзеннің мореналық аймағында оң жағынан Көкбұлақ өзені, жоғарғы, ортаңғы ағыстарында оң және сол жағынан бірнеше өзен тармақтары қосылады. Өзен ортаңғы ағысында 1759 м биіктікте Есік көлін кесіп өтеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 14, 2026

    Ыстықкөл облысы

  • Сәуір 09, 2026

    Қарасай батыр

  • Сәуір 15, 2026

    Жалаулы (көл)

  • Сәуір 08, 2026

    Астана медалі

  • Сәуір 07, 2026

    Дешті қыпшақ

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары