| Көктіңкөлі | |
![]() | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 540 м |
| Ауданы | 12 км² |
| Көлемі | 13 млн. км³ |
| Тереңдігі | 2,5 м |
| Орташа тереңдігі | 1,1 м |
| Су алабы | |
| Суды жинау ауданы | 2584 км² |
| Құятын өзен | Жаман Сарысу |
| Орналасуы | |
| 48°31′11″ с. е. 72°06′15″ ш. б. / 48.51972° с. е. 72.10417° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°31′11″ с. е. 72°06′15″ ш. б. / 48.51972° с. е. 72.10417° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қарағанды облысы |
| Аудан | Шет ауданы |
| Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). | |
Көктіңкөлі – Сарысу алабындағы ағынды көл.
Географиялық орны
Қарағанды облысының Шет ауданында. Жаңаарқа кентінен (Жаңаарқа ауданы) оңтүстік-шығысқа қарай 50 км жерде, теңіз деңгейінен 540 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы
Аумағы 12 км2, суы мол жылдары 13,2 км2-ге дейін жетеді. Су жиналатын алабы 2584 км2. Орташа тереңдігі 1,1 м, ең терең жері 2,5 м. Суының көлемі 13 млн. м3. Суы тұздылау, кермек татиды. Жалпы минералдылығы 4,2 г/л. Көлге солтүстік-шығыстан Жаман Сарысу өзені келіп құяды да, солтүстігінен ағып шығады. Сондықтан көлдің деңгейі осы өзен суының молдығына қарай жылына 1,5 м-ге ауытқып тұрады. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында көлдің деңгейі жоғары, ақпанда өте төмен болады. Жаздың 2-жартысында өзен қарасуларға бөлініп қалады.
Жер бедері
Батыс жағасы тік жарлы, биіктігі 2 м-ге жетеді, саздақ аралас сұр құмтастан тұрады. Қалған жағалары жайпақ тегіс, саздақты. Солтүстік, солтүстік-шығыс жағаларында көл суын реттейтін топырақтан бөгет салынған.
Өсімдігі
Жағаларында қамыс, өлең, шалаң, қараған, жусан, т.б. түрлі шөптесіндер өседі.
Балықтары
Күміс мөңке, алабұға, торта балық, шортан, т.б. балықтар кездеседі.
- Алфавит бойынша көлдер
- Шет ауданы көлдері
- Сарысу су алабы
- Жаңаарқа ауданы көлдері

