Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Қала
Жаңаөзен
Елтаңбасы
Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Маңғыстау облысы

Ішкі бөлінісі

Шағын аудандар

Әкімі

Жансейіт Қайнарбаев

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°18′ с. е. 52°48′ ш. б. / 43.300° с. е. 52.800° ш. б. / 43.300; 52.800 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°18′ с. е. 52°48′ ш. б. / 43.300° с. е. 52.800° ш. б. / 43.300; 52.800 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1964

Алғашқы дерек

1964

Бұрынғы атаулары

Новый Узень

Қала статусы

1968

Жер аумағы

51,5 км²

Климаты

Шұғыл континентті, Құрғақшыл

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

74 357 адам (2023)

Тығыздығы

1435 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар 98,75 %
орыстар 0,59 %
басқалары 0,66 %

Конфессиялар

Ислам

Этнохороним

Жаңаөзендік

Ресми тілі

Қазақ

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 2934

Пошта индексі

130200

Автомобиль коды

12

Жаңаөзен қаласының әкімдігі
 (қаз.) (орыс.)

Жаңаөзен картадаБайқоңырБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көлі
Жаңаөзен картада
Жаңаөзен
Жаңаөзен
Жаңаөзен картада
Жаңаөзен
Жаңаөзен

ЖаңаөзенМаңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік орталығы. Облыс орталығы — Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік-батыс етегіндегі жазық шөлді белдеуде орналасқан. Тұрғыны 74,4 мың адам (2023).

Тарихы

Алпысыншы жылдардың басында Өзен кенорнына барлаушы-геологтар түпкілікті қоныстанып, өздерінің зерттеу-барлау жұмыстарын жоспарлы жүргізді. Қызылсайда алғашқы мекен-жайлар пайда болып, жан-жақтан халық жинала бастады. Алғашында жертөлелер мен вагондар орналастырылып, соңынан сол маңдағы жерқабақтардағы жұмыс тастарды тұрғын үй тұрғызуға пайдаланады. Сөйтіп барлаушы-геологтар мекені Өзен поселкесі пайда болды. Түбекті игерушілердің жанқиярлық еңбегі босқа кетпеді. Алпысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді.

1968 жылы 21 қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының қаулысымен Гурьев (қазіргі Атырау) облысы құрамында Өзен ауданы құрылып Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды.

Жаңаөзен оқиғалары

Толық мақаласы: Жаңаөзен оқиғасы (1989)

1989 жылы жергілікті халық сырттан келген жұмысшылардың қазақтарға қатысты кемсітушілігіне наразылық танытып бас көтерді. Кавказ ұлтының өкілдерін арнайы ұшақтармен көшірді. Халықтың бас көтеруі "Витязь" арнайы әскер жасағының күшімен тоқтатылды.

Толық мақаласы: Жаңаөзен оқиғасы (2011)

16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңына еңбек дауына байланысты жеті айдан бері ереуілге шыққан Өзенмұнайгаз мекемесінің бұрынғы қызметкерлері мен жергілікті құқық қорғау органдары арасында болған қақтығыс. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан қару қолданылып, оқ атылды. Қаладағы тәртіпсіздіктер коммерциялық нысандар мен мемлекеттік органдардың ғимараттарына ауысты. Полиция оқ қару қолдануы салдарынан ереуілшілер тарапынан көп адам опат болып, көбі жараланды.

Халық саны

Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің (Теңге және Қызылсай селоларында, Рахат кентінде) туу көрсеткішінің есебінен жыл басынан бері 4500 адамға өсіп, халқының саны 130 000 адамды немесе облыс бойынша халық санының 22,2 пайызын құрайды. Жаңаөзен қаласының әкімшілік - аумақтық құрамына 2 селолық округ - Теңге (18700 адам) және Қызылсай (3500 адам), сондай ақ 2012 жылы жаңадан құрылған Рахат кенті (30800 адам) кіреді.

Жаңаөзен қаласы
ЭтносСаны, адамПайыздық үлесі, %
Қазақтар149 09298,67
Орыстар1 0080,66
басқа этностар9980,67
Санақ жылыСаны, адамЕр адам саныӘйел адам саны
198948 33923 76524 574
199948 87124 02924 842
200991 33245 07946 253
201587 181--
201981 58144 25937 322

Экономикасы

"Өзенмұнайгаз" АҚ бас филиалы

Есепті кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданыстағы бағада 141,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 112,4 пайызды құрады. Жаңаөзен қаласының мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бiрі-"Өзенмұнайгаз" АҚ, "ҚазГӨЗ" ЖШС. 2012 жылдың сәйкес кезеңінен мұнай өндіру көлемі 457,4 мың тоннаны құрады немесе 2,9 пайызға көбейді.

Билік органдары

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала дәрежесіндегі әкімшілік бірліктің басшысы - әкім деп аталады. Әкімді Президент тағайындайды.

#ЖылдарАты-жөніҚосымша
1.1995 жыл - желтоқсан 1999 жылАбылхан Машани
2.желтоқсан 1999 жыл - желтоқсан 2009 жылЖалғас Бисалыұлы Бабаханов
3.желтоқсан 2009 жыл - ақпан 2012 жылОрақ Қуанғалиұлы Сарбөпеев
4.ақпан 2012 жыл - 10 шілде 2015 жылСерікбай Өтелгенұлы Тұрымов
5.10 шілде 2015 жыл - 21 желтоқсан 2017 жылЕлубай Жақайұлы Әбілов
6.21 желтоқсан 2017 жыл - 4 қыркүйек 2019 жылӘділбек Құлынтайұлы Дауылбаев
7.4 қыркүйек 2019 жыл -Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаров

Транспорты

Қаладан Солтүстік-Оңтүстік темір жол линиясы басталады (Жаңаөзен - Гызылгая - Берекет - Этрек - Горган бағыты).

Қала тұрғындары облыс орталығымен, басқа елді мекендермен автомобиль және темір жолдарымен қатынасады. Жаңаөзеннен Өзен — Атырау — Самара мұнай құбыры, Өзен — Сайөтеш — Бейнеу газ құбыры басталады. Қала Қиғаш — Атырау — Құлсары — Бейнеу — Сайөтеш — Өзен магистралдық су құбыры арқылы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Оқу орындары

Қалада 6 колледж бен 1 лицей орналасқан.

Колледждер:

Маңғыстау облыстық медицина колледжінің бас ғимараты
  • Маңғыстау облыстық медицина колледжі
  • Жаңаөзен мұнай мен газ колледжі
  • "Лингва" тіл мен аударма колледжі
  • Жаңаөзен политехникалық колледжі
  • "Каспий" педагогика мен өнеркәсіптік технологиялар колледжі
  • Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі

Лицейлер:

  • Жаңаөзен кәсіпқой лицейі

Мәдениет

"Мұнайшы" мәдениет үйі

Қалада қалалық мұражай, "Мұнайшы" мәдениет үйі, "Жалын" кинотеатры, "Өнер" МКҚК, кітапханалар бар. Қалаға іргелес Қызылсай мен Теңге селоларында "Шаңырақ" және "Атамұра" мәдениет үйлері бар.

Қалада қарауға тұрарлық жерлер

Бала мен дельфин скульптурасымен әшекейленген фонтан
  • Бала мен дельфин скульптурасымен әшекейленген фонтан
  • Тәуелсіздік алаңы
  • Қашаған ескерткіші
"Дулыға" алаңы
  • "Дулыға" алаңы
Мұнайшылар аллеясы
  • Мұнайшылар аллеясы
  • 1989 жылға арналған ескерткіш
  • Мұнайшыларға арналған ескерткіш

Дін

Қалалық сүнниттік мешіт

Қалада және іргелес селоларда қалалық сүнниттік мешіті, Қызылсай мен Теңге селоларының сүнниттік мешіттері жұмыс істеуде. 2016 жылы қаладаға ең ірі "Әбіш-Қожа" мешіті ашылды.

Спорт

Спорттық клубтар:

"Мұнайшы" футзал клубы футзалдан ҚР әуесқойлар чемпионатында өнер көрсетуде.

Спорт үйлері:

  • Әмин Тұяқов атындағы стадион.
Рахмет Өтесінов атындағы Дене - Шынықтыру Сауықтыру Комплексі
  • Рахмет Өтесінов атындағы Дене - Шынықтыру Сауықтыру Комплексі.
  • "Энергетик" Балалар мен Жасөспірімдер Спорт Мектебі.

Бауырлас қалалар

Қала Жыл Елі
Ақтау2012 Қазақстан

Белгілі адамдар

Жаңаөзенде тұрған әлде туған:

  • Рахмет Өтесінов - Қазақ КСР еңбек сіңірген мұнайшысы
  • Дәуіт Шайхисламов - қазақстандық шоумен,КВН қатысушысы
  • Алтынай Сапарғалиева - қазақстандық әнші, Супер Старс KZ қатысушысы
  • Luina - қазақстандық әнші
  • Ақмарал Кемелханова - қазақстандық әнші
  • Динара Бақтыбаева- қазақстандық кино актрисасы
  • Аманкелді Жақау Өтешов - қазақстандық рэп өнерінің ірге тасын қалаушы, әнші, қала белсендісі

Галерея

html error wiki